Еуропалық сақтандыру нарығын қалыптастыру тəжірибесі
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
KSU Publ.
Abstract
Мақала Еуропалық сақтандыру нарығының қалыптасуы мен қызмет ету тəжірибесін зерттеуге
арналған. Авторлармен Еуропалық одақ елдері сақтандыру нарықтарының өзін-өзі реттеуі мен реттеу
ерекшеліктері айқындалып, аталған елдердегі негізгі реттеу үлгілері қарастырылып, Еуропалық одақ
сақтандыру нарықтарының өзгешеліктері анықталды. Еуропалық сақтандыру нарығын қадағалаудың
халықаралық жүйесі саласында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Еуропалық одақтың сақтандыруды
қадағалау жүйесін зерттеу негізінде авторлармен Еуразиялық экономикалық одақ аясында
тұтынушыларды сақтандыру қызмет көрсетулері тəуекелдерінен қорғаныс пен қаржылық
тұрақтылықты кепілдендіретін, бірыңғай сақтандыруды қадағалаудың қалыптастыру қажеттілігі
шарттастырылған. Жүргізілген зерттеу жұмысының нəтижелері бойынша Еуразиялық сақтандыру
нарығын қадағалаудың тиімді жүйесін құру үшін авторлармен келесідей ұсынымдар берілді:
тəуекелдерді басқару бойынша комитет құру, мемлекетаралық сақтандыруды қадағалаудың ортақ
органын қалыптастыру, мемлекетаралық өзін-өзі реттеу сақтандыру бірлестіктерін құру. Берілген
мақала «ЕАЭО интеграциясы жағдайында ұлттық сақтандыру нарығының бəсекеге қабілеттілігі»
3988/МҚ4 ғылыми жобасы шегінде жарияланған жəне ғылыми зерттеулерді ақпараттандыру
мақсатында қолдану үшін арналған. Нəтижелерді қолдану аймағы: зерттеу жұмысының нəтижелері
сақтандыруды қадағалаудың тиімді жүйесін құру үшін Еуразиялық экономикалық одағының
мемлекетаралық реттеу органдарымен қолданылуы мүмкін.
Description
Citation
Сембеков А.К. Еуропалық сақтандыру нарығын қалыптастыру тəжірибесі/А.К. Сембеков, Е.Г. Будешов, А.М. Тынгишева//Қарағанды универисетінің хабаршысы. ЭКОНОМИКА Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия ЭКОНОМИКА.=Bulletin of the Karaganda University. ECONOMY Series.-2017. №3.Б.224-230.