Қазақ поэзиясындағы орнитологиялық образдар генезисі
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Бұл мақалада қазақ поэзиясындағы орнитологиялық образдардың генезисі қарастырылған. Құстар
бейнесінің мифологиялық түп-тамырынан бастап, оның қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігімен
және ұлттық дүниетаныммен байланысы жан-жақты зерттелген. Зерттеуде Мұқағали Мақатаев, Ма-
хамбет Өтемісұлы, Тұманбай Молдағалиев және Есенғали Раушанов шығармаларындағы
орнитологиялық образдардың символдық және мағыналық ерекшеліктері талданған. Негізгі мақсат —
қазақ әдебиетінде құстардың рухани және философиялық маңызын ашып, олардың ұлттық
мәдениеттегі рөлін айқындау. Зерттеу барысында семантикалық, салыстырмалы-тарихи, әдеби және
символдық талдау әдістері қолданылған. Нәтижесінде, орнитологиялық образдардың қазақ
поэзиясындағы көркемдік, философиялық және мәдени қызметі анықталып, олардың ұлттық
дүниетанымдағы терең символикалық мәні ашылды. Мақала ұлттық әдебиеттегі құстар бейнесінің
эволюциясын жүйелі түрде түсіндіруге үлес қосады.
Description
Citation
Жарылғапов Ж.Ж. Қазақ поэзиясындағы орнитологиялық образдар генезисі/Ж.Ж. Жарылғапов, Г.А. Бахбергенова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2025. №1. 124-135 б.