Тіл этникалық менталитеттің туындысы ретінде
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақала тіл мен ойлаудың өзара қарым-қатынасы мəселесіне, атап айтқанда, менталдылықты білдірудің вербалды құралдарын зерттеуге арналған. Этникалық менталитет — халықтың рухани, экономикалық, этникалық жəне тарихи дамуының барлық қиындығы бар ерекше белгілер мен мінез-құлық жиынтығы. Қазіргі заман дəуірінде мəдениетаралық байланыстардың қарқындылығына байланысты, негізгі мəдени проблемалардың бірі — халықтардың ұлттық өзіндік болмысын жоғалтуға қатысты мəселе туындайды. Мұндай құбылысқа жол бермеудің ең жақсы кепілі — ұлттық
менталитеттердің туындысы ретінде қайталанбас ойлау қоймаларының көрінісі ретінде ұлттық тілдердің өзін-өзі бағалауын ұғыну болып табылады. Тіл мəдениет феномені ретінде құндылықтар жүйесін, көңіл-күйді, бағалауды белгілейді жəне көрсетеді, яғни, қандай да бір мəдениетті тасымалдаушы бейнесінің жүйелілігін анықтайды. Тілдік ментализм типтерін зерттеу мінез-құлық стереотиптері адамдардың санасында қандай да бір халық үшін тəн барлық белгілер кешеніне қатысты бар стереотиптермен қалай тұйықталатынын жəне оның менталитетінің негізін құрайтынын түсінуге мүмкіндік береді.
Description
Keywords
Citation
Исина, Г.И. Тіл этникалық менталитеттің туындысы ретінде / Г.И. Исина, С. Ху, Д.Е. Аманбекова // Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Филология.=Bulletin of the Karaganda University. Philology series. – 2019. - № 2. – 15-20 б.