P-n-aуысуда жүретін физикалық үдерістердегі синергетика элементтері
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Қарму басп.
Abstract
Қазіргі кезде ғылыми ақпараттар легінің күрт өсуі жағдайында əртүрлі ғылым салаларына ортақ
қасиеттерінің, ортақ үдерістердің пайда болып интеграциялау құбылыстарының тууына, пайда
болуына əкелуде. Материяның дамуына орнықсыздықтар мен критикалық күйлердің əсерін зерттеу
ғылым саласындағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Материяның дамуына онда жүретін
орнықсыздықтардың, жаңа күйлердің, жаңа құрылымдардың пайда болу механизмдерін зерттеу
ғылым саласында жаңа бағыттың пайда болуына əкелді. Басқаша айтқанда, даму ерекшелігі, ерекше
ұстанымы бар жаңа ғылым саласы пайда болды. Күрделі, бейсызық термодинамикалық жүйелерде
уақыт бойынша, кеңістік бойынша реттелген құрылымдар өздігінен пайда болады. Бұл жағдайда
термодинамикалық жүйе бифуркация нүктесі маңында орнықсыз күйде болады. Кеңістік, уақыт
бойынша реттелген құрылымдар қоршаған ортамен энергиямен, ақпаратпен, затпен алмаса алатын,
күйі бейсызық динамикалық теңдеулермен сипатталатын термодинамикалық жүйелерде ғана пайда
болады. Шалаөткізгіштен жасалған аспапты жəне сыртқы энергия көзін термодинамикалық тепе-
теңдіктен ауытқыған, ашық термодинамикалық жүйе деп қарастыруға болады. Бұндай жүйеде
өздігінен жүретін үдерістер пайда болуға тиісті. Жалпы шалаөткізгіштен жасалған кез келген
құралдың жұмысы өздігінен жүретін құбылыстарға негізделген. Сол себептен шалаөткізгіштен
жасалған құралдардағы өздігінен жүретін құбылыстарды зерттеудің маңызы ерекше. Жұмыста
көпшілік өткізгіш құралдардың негізінде жататын p-n-ауысуда өздігінен жүретін үдерістер талданған.
Description
Citation
P-n-aуысуда жүретін физикалық үдерістердегі синергетика элементтері /Қ.Т. Ермағанбетов, Л.В. Чиркова, А.Н. Құрмаш, Г.И. Мусина //Қарағанды универисетінің хабаршысы. ФИЗИКА Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия ФИЗИКА.=Bulletin of the Karaganda University. PHYSICS Series.-2018.-№2.-Р.88-93