Әлемдік және Қазақстан қоғамындағы гендерлік стереотиптермен байланысты зерттеулерге әдеби шолу
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы
Abstract
Мақалада әлемдік және Қазақстан қогамындагы гендерлік стереотиптермен байланысты зерттеулерге
әдеби шолу жасалынган. Әдеби шолу барысында екі негізгі академиялық гылыми мақалалардың ин-
тернеттегі дереккөздері таңдалып алынды. Олар https://scholar.google.ru/ және https://link.springer.com/.
Springer-де 2900-ден астам журнал және 300 000 кітап бар. Сонымен қатар, бұл базада заманауи гы-
лымда көп талқыланатын мақалалар жинақталган. Сол себепті, тақырып аясында осы екі іздеу құра-
лын пайдалану арқылы «қогамдагы гендерлік стереотиптер» деген сөз құралымы кілт сөз ретінде таң-
далып, «гендерлік стереотиптер» тақырыбына қатысты мақалаларга іздеу жұмыстары жүргізілді. Қа-
зақстан үшін әлеуметтік өзгерістердің салдары елде жұмыссыздықтың өсуіне, халықтың едәуір бөлігі-
нің кедейленуіне және көптеген әлеуметтік жеңілдіктердің жогалуына алып келді. Макро деңгейде
болып жатқан өзгерістердің нәтижесінде, ерлер мен әйелдердің әлеуметтік ортадагы рөлі қазіргі за-
манда өзгерістерге ұшырап отыр. Өйткені, қогамда адамдардың әлеуметтік шыгу тегіне, орнына, ұл-
тына, жынысына қарамастан тең мүмкіндіктер беруге ықпал ететін демократияландыру үрдістері жан-
жақта жүріп жатыр. Нәтижесінде тақырып аясында 20 мақала бойынша мәліметтер жинақталып, 5 не-
гізгі мақала таңдалды, оның тәжірибелік зерттеулеріне шолу жасалынды. Іздеу барысында гендерлік
стереотиптердің басым бөлігінің басқарумен және жұмыспен қамту, сондай-ақ, эмоционалды жай-
күймен байланысты екендігі анықталды. Жогары деңгейде галымдардың ортасында талқыланган ген-
дерлік стереотиптермен байланысты мақалалардың негізгі багыттары және эмпирикалық зерттеулері-
нің нәтижесін талдай отырып, әлемдік гендерлік стереотиптерді топтастыру мақсатында түрлі гылыми
мақалаларга әдеби шолу жүргізілді.
Description
Keywords
Citation
Қалдыбай А.А. Әлемдік және Қазақстан қоғамындағы гендерлік стереотиптермен байланысты зерттеулерге әдеби шолу/А.А. Қалдыбай, Г.К. Абдигалиева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2023. №1. 273-283 б.