XIX ғасырдағы қазақ фольклорының баспаға жариялануы («Дала уалаяты газеті» негізінде)
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында мерзімді түрде басылып отырған «Дала
уалаяты газетінде» жарияланған қазақ фольклорының үлгілері жан-жақты қарастырылған. Мерзімді
басылым бетінде қазақ фольклор мысалдарының таралуы мен жариялануы талданған. Аталмыш
мақалада «Дала уалаяты газетінің» әртүрлі жылдар аралығында жарияланған қазақ фольклор үлгілері
терілді. XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы уақыт аралығында қазақ фольклорының
жариялану мәселелері қамтылған. Жүргізілген зерттеулердің негізінде авторлар тарапынан ең жиі
кездесетін мақал-мәтелдер, ғұрыптық фольклор, сондай-ақ қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-
ғұрыптарына қатысты материалдар мен жоқтау өлеңі терілді. Жинақталған материалдардың өзіндік
ерекшеліктері талданды. Терілген мысалдардың мазмұны сипаттау әдісі арқылы тұжырымдалды.
Мерзімді басылым бетіндегі қазақ фольклор үлгілері жүйелеу әдісі арқылы жанрлық ерекшелігіне
қарай жіктеледі. Газет беттерінде жарық көрген фольклорлық материалдар қазақ халқының
дүниетанымы мен мәдениетінің ерекшеліктерін бейнелейді, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды
насихаттау мен фольклор мұраларын жинақтау мен сақтауда маңызы айқындалады. Зерттеу
нәтижелері көрсеткендей, «Дала уалаяты газеті» қазақ фольклорын жинау, жариялау және оны жазба
нұсқада таратуға ықпал еткен алғашқы басылымдардың бірі саналады. Мақалада қазақ фольклорының
мерзімді басылымдарда жариялануының әдеби маңыздылығы айқындалып, олардың қазақ
фольклорын зерттеудегі орны мен рөлі анықталады. Аталмыш мақалада «Дала уалаяты газеті»
фольклористиканың маңызды дереккөзі ретінде зерделенген. Зерттеу барысында ғұрыптық
фольклорға қатысты төрт мысал мен көркем фольклор жанрына жататын 22 мақал-мәтел ұсынылады.
Авторлар қазақ фольклорының кең таралуына ықпал еткен мерзімді басылымдардың бірі ретінде
«Дала уалаяты газетінің» рөлін айқындап, оны фольклористиканың құнды дереккөзі ретінде ұсынады.
Осы деректер негізінде газет материалдары қазақ халқының рухани мұрасын сақтау мен таратуда
маңызды қызмет атқарғаны дәлелденді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде «Дала уалаяты
газетінің» мерзімдік басылымы фольклорды әдебиеттану мен фольклортану тұрғысынан зерттеуге
негіз болғандығы айқындалды. Мақала қазақ фольклорының жариялану дәстүрін жаңаша қырынан
қарастыруға мүмкіндік береді және болашақ зерттеулерге теориялық-әдістемелік бағыт ұсынады.
Қорытындылай келе, «Дала уалаяты газеті» қазақ фольклорлық мұраларын жинақтау, сақтау,
жариялау және тарату ісіне айтарлықтай ықпал еткені дәлелденді. Мақалада қазақ фольклорының
мерзімді баспасөзде жариялану үдерісі саралана отырып, оның әдебиет пен фольклористикадағы
ғылыми сипаты айқындалды.
Description
Citation
Макатова А.А. XIX ғасырдағы қазақ фольклорының баспаға жариялануы («Дала уалаяты газеті» негізінде)/А.А. Макатова, А.А. Әбсадық//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2025. №4. 176-185 б.