Мағжан Жұмабаев шығармашылығының философиялық аспектілері
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы
Abstract
Мақала М. Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы аясында жазылды. Сонымен қатар М. Жұмабаевтың
шығармашылығындағы философиялық рефлексиялық мәселелелер қарастырылған. Мағжан Бекенұлы
жалпы түрік халықтарының қоғамдық қайраткері және сыршыл, лирикалық ақыны. Өнер иесінің шы-
ғармашылығына историцизм, күрескерлік рух туралы ойлар және сезімдік толғаныс, абстракциялық
елестету тән. Авторлар М. Жұмабаевтың рухани іс-әрекеттілігін неміс философы Ф. Ницщенің өнер
туралы көзқарастарымен байланысты зерттеген. Ақын шығармашылығы Ф. Ницщенің адамның дү-
ниетанымын анықтаудағы дін, өнер және философия категорияларының рөлі, ерекшелігі туралы ой-
ларымен салыстырмалы қарастырылды. М. Жұмабаевтың ақындық ойлауына ізгілік, игілік, бақыт
және тарихи сана, пантүркішілдік ұғымдарын жырлаумен қатар, пессимистік ойлау, коммунистік
идеологияның әділетсіздігінің құрбаны ретіндегі күйзелісті мотивтер тән. Мақаланың жаңалығын
ақынның «Пайғамбар», «Жер жүзін топан басса екен» өлеңдерінің мазмұнына ішінара герменевтика-
лық талдау әдісін қолдану арқылы зерттеу құрайды. Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамда ұлттық мі-
нез-құлықтың қайта оянуы, тәуелсіздіктің нығаюы Мағжанның ақындық қызметіне философиялық
зерттеу объектісі ретіндегі қызығушылықты оятты. Бүгінгі таңда Мағжантану саласы ұрпақтың руха-
ни, тарихи сана сезімін нығайтумен бірге, тұлғаның рухани мәдениетін дамытушы фактор ретінде ор-
нықты. Мағжан әлемі, оның рухтық жырларының әдеби тілі, мазмұны әдебиетші ғалымдардың шы-
ғармашылық ізденістерінде кеңінен зерттелген. Мақалада ақынның шығармашылығының әділетсіз-
дікпен күрестегі әрекеттерімен бірге оның ұлттық болмыс, даналық, тарихи тұлғалық іс-әрекеттелігі
мультипәндік әдіспен зерттелді.
Description
Keywords
Citation
Шалдарбекова А.Б. Мағжан Жұмабаев шығармашылығының философиялық аспектілері/А.Б. Шалдарбекова, Т.Е. Тұмашбай, Р.А. Кемербай//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2023. №2. 382-391 б.