Түркі халықтарының саяси құндылықтарының жастар санасына әсері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Түркі халықтарының саяси құндылықтары түркі қоғамының дүниетанымы эволюциясының нәтижесі. Түркі халықтарының саяси құндылықтары мәдени, әлеуметтік, дәстүрлі және діни аспектілерге негізделген. Зерттеудің маңыздылығы әлемдік қауымдастықтың түркі әлеміне деген қызығушылығының артуына байланысты өзекті болып саналады. Әсіресе, түркі тілдес қоғамдағы жастардың құндылықтарға қатысты сана-сезімі қалай қалыптасады деген мәселелерді зерттеу қазіргі таңда өте маңызды. Түркі жастары әлемдік тенденцияларға белсенді түрде әсер ете бастады және бүгінде жастардың бұл құндылықтарды түсінудегі қажеттілік маңызды рөл атқарады. Түркі халықтарының саяси құндылықтарының жастарға әсері мәселесі аз зерттелгендіктен, қазақ жастарының арасында саяси дүниетанымды қалыптастыратын түркі құндылықтары туралы пікірлерді арттыру мәселесін қарастыруды жөн көрдік. Мақала қазақ қоғамының қазіргі саяси құндылықтарына әсер ететін түркі дүниетанымының этникалық, саяси, мәдени, діни факторларын анықтауға бағытталған. Авторлар түркі халықтарының саяси құндылықтарын зерттеушілердің еңбектеріне салыстырмалы талдау жасап, әртүрлі көзқарастарды берген. Сонымен қатар түркі халықтарының саяси құндылықтарын қалыптастыру және дамыту мақсатында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерде (Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия) жүзеге асырылып жатқан ортақ жобалар туралы баяндалған. Бұл жобалардың түпкі мақсаты «Тілде, ойда, еңбекте бірлік» идеологиясын қалыптастыру. Яғни, түркі халықтарының саяси құндылығын қалыптастырудағы маңызды қадам ретінде жобадағы міндеттерді жүзеге асыру.

Description

Citation

Алтайбаева А.Н. Түркі халықтарының саяси құндылықтарының жастар санасына әсері/А.Н. Алтайбаева, Г.Т. Телебаев//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024. №2. 229-237 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By