«Құпия» белгісі қойылған ядролық сынақ полигондары: кеше және бүгін
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада әлем елдеріндегі ядролық сынақ полигондары туралы баяндалған. Авторлар ядролық сынақ полигондарының қысқаша тарихына тоқталған. Ерекше түрде Қазақстан жеріндегі «құпия» белгісімен жұмыс істеген Семей ядролық полигоны қарастырылған. Оның кешегі өткен тарихындағы ядролық полигонды толықтай қарамағында ұстаған әскери-өнеркәсіп өкілдері мен полигон аймақтарындағы
жергілікті тұрғындар арасындағы «ерекше қарым-қатынастар» туралы айтылады. Авторлардың пікірінше, бұл Мәскеу тарапынан қазақ жеріне жүргізілген озбырлық, «әскери колониализм», «ядролық колониализм» саясаттарының айқын көрінісі. Ядролық сынақтардан кейін пайда болған әлеуметтік, экологиялық, экономикалық салдарлардың бүгінгі күнге дейін жеткендігі және олармен күресудің жолдары түрлі деректер мен ғылыми зерттеулер арқылы көрсетіледі. «Құпия» белгісіне қарамастан
сол кездің өзінде-ақ Семей ядролық полигонынан таралған радиацияның қауіпі туралы ақпараттармен бөліскен. Жергілікті халықтың денсаулығын «құпия» бақылаудың нәтижелері туралы баяндалады. Мақаланың мазмұнын ашу үшін авторлар объективті ұстаным тәсілін, методологияның жалпы ғылыми және арнайы әдістерін басшылыққа алған.
Description
Citation
«Құпия» белгісі қойылған ядролық сынақ полигондары: кеше және бүгін/ Смагулова Г.М. [et al.] //Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.-2022.- № 4(108). – б. 164-171