Қазақстанның өркениеттілік дамуындағы жапондық модельдің маңыздылығы
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Тәуелсіздігін алған соң Қазақстан Республикасының алдында ұлттық архетиптерді сақтап, оларды бү-
гінгі әлемдік өркениет құндылықтарымен үйлесімді ету міндеті маңызды болды. Қазіргі уақытта қазақ
мәдениеті цивилизация аясындағы ұлт дәстүріне негізделген жолмен немесе бұқаралық мәдениет үр-
дісімен жүру жолын таңдауы қажет. Мақаланың мақсаты бүгінгі таңда әлемнің озық, бәсекеге қабі-
летті елдерінің қатарына кіру міндетін қойып отырған Қазақстан үшін шет мемлекеттердің тәжірибе-
сін зерделеу. Атап айтқанда, технологиялық прогресс пен ақпараттандыру жағдайында қазіргі қоғам-
ның серпінді дамуының өзіндік үлгісін қайталай алған Жапонияның өркениеттілік даму қисынын қа-
растыру. Бұл ретте Жапония жаһандану жағдайында мәдениеттің өзіндік ерекшелігін, дәстүрі мен ин-
новациялық үрдістерін сақтауда тепе-теңдікті сақтай білгені маңызды болып табылады. Өзіндік ерек-
шеліктері бар Қазақстан да посттоталитарлық трансформациялар жағдайында өзінің даму үлгісін жа-
сап жатыр. Елімізде бүгінде ұлттық мәдениет мұрасын сақтауға бағытталған бағдарламалар сәтті жү-
зеге асырылуда. Оған ЮНЕСКО бағдарламасы бойынша мәдени ескерткіштерді сақтау, «Мәдени мұ-
ра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аудармалар, зерттеулер, басылымдар жатады. Жапония бұрын
да, қазір де көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан да әлемдік қауымдастыққа лайықты түрде енуді
алдына мақсат етіп қойды. ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысында жаңа бейнені — өркениетті әлемнің толық-
қанды бөлігі, сан ғасырлық тарих пен рухани дәстүрге адалдықты табысты пайдаланумен ұштастыр-
ған озық инновациялық елді тиімді құру қажеттілігі туындады. Бұл үшін технологиялық инновация-
лардан саяси институттарға дейінгі заманауи өркениет жетістіктерін дәстүрлі этномәдениет құнды-
лықтарымен үйлесімді ұштастыру қажет.
Description
Keywords
Citation
Қожан А.Ә. Қазақстанның өркениеттілік дамуындағы жапондық модельдің маңыздылығы/А.Ә. Қожан [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024. №1. 196-207.