Басқару есебінің теориялық мəні жəне оның кəсіпорынды басқаруда алатын орны

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ баспасы

Abstract

Мақалада басқару есебінің теориялық негізіне зерттеу, əр түрлі ғалымдардың пікірлеріне сараптама жүргізілген, басқару есебінің мəні ашылып көрсетілген. Кəсіпорынды басқару жүйесінде басқару есебінің алатын орны айқындалған. Жалпы басқару есебінің теориялық мəні мен оның кəсіпорынды басқаруда алатын орнын анықтау қажеттілігі тақырыптың өзектілігі болып табылады. Бүгінгі таңда шығындар мен кəсіпорын қызметінің қаржылық нəтижелерін басқару саласында екі негізгі мəселе бар. Біріншісі, нарықтық жағдайда отандық есеп жүйесінің теориясы мен тəжірибесін кəсіпорынды басқару мəселесі алдында тұрған жаңа міндеттерді орындауға қайта бағыттау. Екіншісі, шығындар туралы ақпарат алудың бейімделген жүйесін құру, өзіндік құнды калькуляциялаудың, қаржылық нəтижелерді есептеп шығарудың жаңа амалын, сонымен қатар талдау мен бақылаудың əдістерін қолдану жəне осының негізінде тиімді басқару шешімдерін қабылдау. Басқару есебі қазақстандық кəсіпорындардың көбінде жүргізілмейді немесе өте нашар дамыған. Негізінен бұл жағдай отандық экономиканың жекелеген салаларында басқару есебін ұйымдастырудың бірыңғай əдістемелік негізі мен əдістемелік нұсқаулықтарының болмауына, сондай-ақ, оның отандық тəжірибеде қалыптасуы жəне дамуы кезеңіне байланысты орын алып отыр. Сонымен бірге қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы кəсіпорындар бəсекелестік пен өміршеңдік үшін күрес жағдайында қызмет ете отырып, басқару есебінің əрекетті жүйесін ұйымдастыру мұқтаждығын бастан өткізуде. Осыған байланысты кəсіпорындар үшін басқару есебі жүйесін жете зерттеу аса мəнге ие екендігі аталып өткен.

Description

Citation

Трункина Л.В. Басқару есебінің теориялық мəні жəне оның кəсіпорынды басқаруда алатын орны/Л.В. Трункина [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика. -2019. №4. 368-376 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By