Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің қазіргі заманғы құралдары

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ басп.

Abstract

Мақалада жаңартылатын энергия көздерін дамытуды мемлекеттік қолдау үшін қолданылатын құралдардың рөлі қарастырылған (жеңілдікті тарифтер, стандарттар, кредит беру, гранттар жəне т.б.). Мақала авторы жаңартылатын энергия көздерін қолдау құралдарын жіктеудің пікірталас жақтарына талдау жасаған: қаржылық; институционалдық; сұраныс пен ұсыныс ықпалының бағдарлануы бойынша; бағаға, шығындарға жəне көлеміне негізделген құралдар. Автордың пікірінше, Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мемлекеттік реттеудің түрлі құралдары қолданылады: нысаналы даму көрсеткіштері, тіркелген тарифтер, аукциондар, атаулы көмек, кадрлар даярлау, ғылыми зерттеулер жүргізу, техникалық реттеу жəне нормативтік-құқықтық реттеу. Мақалада жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ынталандыру үшін қаржылық жəне қаржылық емес құралдар қолданылатын əлемдегі жаңартылатын энергия көздері нарығына ерекше назар аударылады. Мақалада қаржылық қолдаудың жалпы құралдары инвестициялық субсидияларды, кредиттік субсидияларды, төмендетілген пайыздық мөлшерлемелерді, салықтық жеңілдіктерді немесе салықтан босатуды жəне ғылыми зерттеулерге арналған мемлекеттік шығыстарды қамтиды. Автордың пікірінше, қаржылық емес құралдар нарыққа шығуды жеңілдету мақсатында қажетті инфрақұрылымды жақсарту арқылы жаңартылатын энергия көздерін игеруді ынталандырады. Автор халықаралық тəжірибені ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерін мемлекеттік қолдау құралдарын қолдану бойынша нақты ұсыныстар берген.

Description

Citation

Болысов, Т.К. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің қазіргі заманғы құралдары / Т.К. Болысов // Қарағанды универисетінің хабаршысы. Экономика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика.=Bulletin of the Karaganda University. Economy series. – 2019. - № 2. – 153-160 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By