Қазақстан Республикасының сайлау құқығы нормаларын жетілдірудің кейбір мəселелері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сайлау құқығы мен сайлау процесі саласындағы арнайы əдебиетті, электоралдық практиканы зерттеу негізінде сайлау қызметі саласындағы құқықтық реттеудің өзекті мəселелері қаралған. Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының ережелеріндегі сайлау туралы Конституциялық заңға енгізілген қосымшаларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының сайлау органдары мен олардың мүшелерінің мəртебесіне қатысты заңгер ғалымдардың ұстанымдары зерделеу объектісі болып табылады. Салыстырмалы-құқықтық талдау негізінде мақалада Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасындағы сайлау комиссияларын ұйымдастыруға жəне олардың қызметіне байланысты мəселелер қарастырылды. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудың жалпы міндеті тұрғысында сайлау институтын конституциялық-құқықтық реттеуді одан əрі жетілдіру қажеттігі белгіленді. Сайлау комиссияларының заңды қасиеттеріне қатысты ережелермен конституциялық нормаларды толықтырудың, олардың мүшелерінің мəртебесін нақтылаудың орындылығы туралы ұсыныстар жасалды. Сайлау заңнамасын жетілдірудің бағыттары ретінде сайлау алдындағы үгіт саласындағы кейбір олқылықтарды жою, шешуші дауыс құқығы мен кеңесші дауыс құқығы бар сайлау комиссиялары мүшелерінің мəртебесін нақтылау ұсынылды.

Description

Citation

Ержанова Ф.А. Қазақстан Республикасының сайлау құқығы нормаларын жетілдірудің кейбір мəселелері/Ф.А. Ержанова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. LAW Series. -2021. №1. 6-15 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By