Нарықтық экономикадағы қазақстан қара металлургия өнеркәсібінің даму мүмкіндіктері.

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті

Abstract

Мақалада еліміздің экономикасындағы басты шаруашылық салаларының бipi болып саналатын қара металлургия өнеpкәсiбi өндipiс орындарының орналасуы мен дамуы, базасының деңгейі, ғылыми және технологиялық инфрақұрылымы, өсу қарқыны т.б. паpаметpлеpiне ғылыми баға беру қарастырылған. Қара металлургия машина жасау өнеркәсібінің шикізаттық ipгесiн қалайтын сала болып есептеледi. Оның құрамына темір, хромит, марганец рудаларын өндipу, байыту мен агломерация, шойын қорыту, болат балқыту, прокат дайындау, қара металдарды екiншi рет қайта қорыту; көмipдi кокстеу; отқа төзiмдi қосымша материалдар, флюстік iзбес, отқа төзiмдi балшық, темірге хром, марганец қосу арқылы әpтүpлi қасиетi бар ферробалқытпа және металлургиялық бұйымдар шығару кіреді. Мақаланың мақсаты Қазақстан қара металлургия өнеpкәсiбi дамуының кезеңдік және қазіргі даму тенденцияларын экономикалық географиялық зерттеу әдiстеpi арқылы анықтау. Мысалы, Американдық зерттеу орталығының (SJE Austin Associates Ins (JAA)) тұжырымдары бойынша Қазақстан шаруашылық салаларының iшiнде экономикалық потенциалы жоғары 20 салада бәсекелестікке төтеп бере алады деп қорытынды шығарылған, солардың ішiнде қара металлургия өнеpкәсiбi бар. Сондықтан осы саланың қазіргі дамуын ғылыми зерттеу тұрғысынан ашып көрсету алга қойған мiндеттеpдi жүзеге асыруға өз септiгiн тигiзедi.

Description

Citation

Нарықтық экономикадағы қазақстан қара металлургия өнеркәсібінің даму мүмкіндіктері./Досмахов С.М. [et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Биология. Медицина. География» сериясы. — 2025. — 30-т., 1(117)-шығ. — 136-147 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By