Ұлт қайраткерлерінің Орталық Азияны ұлттық мемлекеттік межелеу саясатына көзқарастары

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

КарУ баспасы

Abstract

Мақалада XX ғасырдың 20-жылдары кеңес үкіметі тарапынан жүргізілген Орта Азияны ұлттық мемлекеттік тұрғыда межелеу саясатына байланысты қазақ зиялыларының пікірлері қарастырылған. Осы саяси науқан барысындағы большевиктік ұлт зиялыларымен қатар кеңестік саясатқа қарсы болған М. Шоқайдың көзқарасы талданған. Кеңес үкіметі Орта Азия республикаларындағы ұлт территориялық межелеу ісін толық өз бақылауына алып, Орта Азиядағы этникалық туыс халықтардың саяси тұрғыда бірігуіне қарсы болып, әр ұлтты жеке республикаға бөлуді дұрыс деп тапты. Дегенмен, осы науқанда большевиктер арасында межелеу саясатына қарсылық танытып, аймақта «федерациялық мемлекеттік құрылыс» құру дұрыс деп үкіметтің біржақты шешіміне қарсы болған С. Қожанов пен Түркістан АКСР-ін сақтап қалу дұрыс деп пікір білдірген Т. Рысқұловтың көзқарастары да назар аударуды қажет етеді. Орта Азияның саяси-экономикалық орталығы болған Ташкент қаласының Қазақ АКСР-інің аумағына өтуі заңдылық деп қаланы Қазақстан аумағына қосылуын жақтаған қазақ ұлттық комиссиясы өкілдерінің пікірлері кеңестік билік тарапынан қолдау таппады. Осылайша, ұлттық-территориялық межелеу саясаты қазақ зиялыларының пікірлерімен санаспай бір жақты кеңестік өктемдікпен шешілді. КСРО билігі Түркістан АКСР-ін тез арада жойып, ұлт республикаларына бөлу науқанын 1924 жылы толық аяқтады.

Description

Citation

Жамелов Б.А. Ұлт қайраткерлерінің Орталық Азияны ұлттық мемлекеттік межелеу саясатына көзқарастары/Б.А. Жамелов, Х.М. Тұрсұн//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy series. - 2022. - №1.- 40-48 бет.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By