Лингвистикалық сараптаманың негізгі нысаны — сөйлеудегі даулы мəтіндер
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақалада юрислингвистиканы (заңнамалық лингвистиканы) лингвистикалық зерттеу барысында мəтіндерді редакциялау, аудару, сараптама жасау жəне кеңестер беру деген аспектілер іске асырылды, яғни құқықтық кеңістікте лингвистикалық баға берілетіні анықталған. Соттық-лингвистикалық сараптаманың құқықтық базасы көрсетілген. Лингвистикалық сараптаманың анықтамасы, мақсат-міндеттері жəне құрылымы, сонымен қатар азаматқа жала жабу, балағаттау, ар-намысы, қадір-қасиеті, абыройын қорлау, əлеуметтік, ұлттық, нəсілдік жəне діни өшпенділіктерді қоздыру, мемлекеттің конституциялық құрылысын жəне аумақтық тұтастығын бұзуға шақыру сияқты мазмұндағы мəтіндерге қорытынды беретін сарапшы-лингвистің құзыреті айқындалған. Сарапшы өз қорытындысында жауап беруге міндетті типтік сұрақтардың үлгілері берілген. Авторлар сот процесінде сөйлеудің даулы мəтіндеріне тек лингвистикалық сараптама ғана объективті баға бере алады деген қорытынды жасады.
Description
Citation
Жалмаханов, Ш.Ш. Лингвистикалық сараптаманың негізгі нысаны — сөйлеудегі даулы мəтіндер / Ш.Ш.Жалмаханов, Ж.Ш.Жалмаханова // Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. – 2013. – № 2. – 21-27 б.