Титан-магний комбинатының негізгі цехтары жұмысшыларының ағзасының минералдық статусын зерттеу

dc.contributor.authorДакиева, К.Ж.
dc.contributor.authorСадыканова, Г.Е.
dc.contributor.authorЦыганов, А.П.
dc.contributor.authorБейсембаева, Р.С.
dc.contributor.authorЖенсикбаева, Н.Ж.
dc.contributor.authorКумарбекулы, С.
dc.contributor.authorКалелова, Г.Ж.
dc.date.accessioned2023-09-07T06:03:11Z
dc.date.available2023-09-07T06:03:11Z
dc.date.issued2023-06-30
dc.description.abstractМеталлургияның бір саласы болып табылатын титан-магний өндірісінің бірқатар технологиялық кезеңдері айтарлықтай жылу шығарумен сипатталады. Көптеген зерттеулер микроклиматтың адам ағзасына жағымсыз әсерін көрсетеді. Жоғары ауа температурасы және қарқынды сәулелену термореттелудің, орталық жүйке жүйесінің және жүйке-бұлшықет аппаратының едәуір кернеуін тудырады. Қыздырушы микроклимат әсіресе қарқынды бұлшықет жұмысы мен жүйке-эмоциялық стресс кезінде өндірістік шудың ғана емес, сонымен қатар ауадағы зиянды газдар мен улы заттардың теріс әсерін күшейтеді. Титан-магний өндірісінде еңбек іс-әрекеттері жоғары температура, жылу, шаң және газ бөлу жағдайларында іске асырылады. Бір ауысымда жұмысшылар уақыттың 70% еңбек операцияларын іске асыруға жұмсайды. Электролизерлерге карналлиттің сусыз құймасы құйылады. Мұнда электролизшілер-реттегіштер, электролизшілер-вакуумшылар, анодшылар, хлорлаушылар жұмыс істейді, олар құйманы құю барысында 1,5-2,0 метр қашықтықта тұрғанымен, сәулелі жылудың, магний аэрозольдерінің, оның оксидтерінің, магний хлоридінің әсеріне ұшырайды. Операция айтарлықтай физикалық күш жігерді қажет етеді. Титан-магний өндірісінің негізгі цехтарындағы ауа ортасын гигиеналық зерт- теу негізгі цехтардың жұмыс аймақтарының ауасында күкірт газы, сутегі хлориді, магний хлориді сияқты улы химиялық заттардың бар екені белгілі болды. Аталмыш заттардың концентрациясы рұқсат етілген деңгейден ондаған есе көп. Әдебиет көздерінде магний мен титан өндірісінің зиянды компоненттерінің және олардың қосылыстарының ағзаға әсері туралы еңбектер санаулы. Титан мен магний өндірісіндегі еңбек жағдайлары жұмысшылардың денсаулығына теріс әсер етеді. Жетекші кәсіп жұмысшыларында тыныс алу мүшелерінде (созылмалы уытты бронхит, созылмалы шаңды бронхит, пневмокониоз, бронхиолит, уытты бронхопневмосклероз), сондай-ақ жүйке жүйесінде (астеновегативті синдром, дисциркуляторлық энцефалопатия), сүйек-бұлшықет жүйесінде (мойын және бел остеохондрозы, артроз және т.б.) кәсіби сипаттағы өзгерістер дамиды. Жұмысшыларда тұмау, жоғарғы тыныс жолдарының жедел катаралды ауруы, баспа, жедел және созылмалы сипаттағы асқазан мен ішек аурулары, невралгия, радикулит, артрит, фурункулдар, карбункулалар, экзема, дерматит, миозит сияқты спецификалық емес аурулар жиі кездеседі.ru_RU
dc.identifier.citationТитан-магний комбинатының негізгі цехтары жұмысшыларының ағзасының минералдық статусын зерттеу / Дакиева К.Ж.[et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Биология. Медицина. География» сериясы.. – 2023. – Vol.16. – № 2(110). – pp. 47-54 .ru_RU
dc.identifier.issn2663-5003
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz//handle/data/16703
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherАкадемик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚарағанды университетінің хабаршысы. «Биология. Медицина. География» сериясы.;№2(110)
dc.subjectнегізгі цехтардың жұмысшыларыru_RU
dc.subjectминералдық алмасу көрсеткіштеріru_RU
dc.titleТитан-магний комбинатының негізгі цехтары жұмысшыларының ағзасының минералдық статусын зерттеуru_RU
dc.title.alternativeИзучение минерального статуса организма рабочих основных цехов титано-магниевого комбинатаru_RU
dc.title.alternativeStudy of the mineral status of the organism of the workers of the main workshops of the titanium-magnesium combineru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
47-54 стр.pdf
Size:
961.06 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: