Ұлттық тарихнамадағы Алаш зиялылары еңбектерінің маңызы

dc.contributor.authorБейсенбекова, Н.А.
dc.contributor.authorМуратова, М.Б.
dc.date.accessioned2020-10-23T05:35:18Z
dc.date.available2020-10-23T05:35:18Z
dc.date.issued2020-06-30
dc.description.abstractМақалада ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының еңбектерін Отандық тарихтың тарихнамасын- дағы тұжырымдамалық мәнін қарастырып, еңбектерге талдау жасалған және олардың методологиялық мәні туралы баяндалған. Бүгінгі таңда қоғамымыздың тарихи санасын жаңғырту бағытында жүйелі жұ- мыстар атқарылуда. Өз еліміздің тарихын тану арқылы ғана өткен ғасырдың соңында қол жеткізген тәуелсіздігіміздің қадіріне жете аламыз. Қазақ халқының тарихына үңіліп қарасақ, еліміздің азаттық пен тәуелсіздік жолындағы күресі ешқашан толастамағанын аңғарамыз. Осынау жүздеген жылдарға созылған күрес жолында ХІХ мен ХХ ғасыр тоғысындағы зиялылардың алатын орны ерекше. ХХ ға- сырдың басы алып адамдарды қажет еткен әрі осыған орай өздерінің ойлау, болжау қасиеттері айы- рықша, энциклопедиялық білім, талғам-танымдары жан-жақты алыптарды дүниеге келтірген заман болды. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ұлт зиялыларының қоғам алдындағы жауапкершілігі, отан- сүйгіштігі мен биік мақсаттары — бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге. Олар біз үшін халық алдындағы адал- дықтың, рухани кемелдіктің, ұлтжандылықтың үлгісі іспетті. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өрке- ниетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңес- тіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақcат етті. Сол жолда күресті. Соны- мен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да — солар болды. Кеңестік кезеңде Қазан төңкерісіне дейінгі жалпы адамзат өркениетінің төрінен орын алған ірі тұлғала- рымызға «ұлтшыл» деген жалған айдарлар тағылды. Кеңестік идеология қазақ халқының дарынды тұл- ғаларының бостандық пен ұлт тәуелсіздігі үшін аянбай атқарған еңбектерін біржақты бағалап, қажетсіз деп тапты. Тәуелсіздікке қол жеткен қазақ еліне есімдері тарихта беймәлім болып келген алаш азамат- тарының қайта оралуы халқымыздың сана-сезімі оянып, рухани өмірдің өзгеруіне әсер етті. Міне, сон- дықтанда Алаш зиялыларының тарихи мұрасының мәнін зерттеу, насихаттау, «Рухани жаңғыру» мем- лекеттік бағдарламасы аясында өзекті мәселе болып табылады. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың басын- дағы алаш зиялыларының еңбектерінде көтерген негізгі мәселелерінің қазіргі кездеде маңыздылығын талдап, тарихи сабақтастығын көрсету мақсатында осы мақала жазылды.ru_RU
dc.identifier.citationБейсенбекова Н.А. Ұлттық тарихнамадағы Алаш зиялылары еңбектерінің маңызы/Н.А. Бейсенбекова, М.Б. Муратова//Қарағанды университетінің хабаршысы.Тарих. Философия сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda university. History. Philosophy Series. -2020. №2. 69-80 б.ru_RU
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz/xmlui/handle/data/9983
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherҚарМУ баспасыru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚарағанды университетінің хабаршысы.Тарих. Философия сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda university. History. Philosophy Series.;№2(98)/2020
dc.subjectтарихru_RU
dc.subjectұлттық тарихнамаru_RU
dc.subjectАлаш зиялыларыru_RU
dc.subjectтұлғаru_RU
dc.subjectтарихи мәселеru_RU
dc.subjectдерекru_RU
dc.subjectұлттық ұстанымru_RU
dc.subjectқазақ даласыru_RU
dc.subjectрухани байлықru_RU
dc.titleҰлттық тарихнамадағы Алаш зиялылары еңбектерінің маңызыru_RU
dc.title.alternativeЗначение трудов алашской интеллигенции в отечественной историографииru_RU
dc.title.alternativeThe significance of the works of the Alash intelligentsia in the historiography of home historyru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
Ист-2020-2-69-80.pdf
Size:
521.56 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: