Шекараны зерттеудің теориялық тәсілдемелері

Abstract

Бүгінгі күні шекарамен байланысты мәселелер көптеген адамдар үшін маңызы зор болса да қазіргі зерттеулерде шекара мен шекара үдерістерінің мәнін талдаудың теориялық аспектісіне басымдық беріледі де шекаралық мәселелердің шешу жолдарын қарастырмайды. Шекараларды зерттеудің бастапқы кезеңінде тәжірибеге бағытталған тәсілдемелер басым болғанын атап өткен жөн, сол кездегі зерттеулерде шекараларды делимитациялау, шекара қақтығыстарын реттеу және т.б. мәселелерді зерттеуге баса назар аударылды. Мақалада картографиялық, классификациялық, функционалдық, саяси–географиялық сияқты дәстүрлі тәсілдемелер мен негізінен 1990 жылдары және 2000 жылдардың басында пайда болған постмодернистік тәсілдемелер қарастырылған. Автор дәстүрлі тәсілдемелер мына сұрақтарға жауап бере алмады деп есептейді: неліктен ұзақ уақыт бойы бейбіт шекара маңы аймағы болып тұратын зоналар санаулы күннің ішінде қиян—кескі қақтығысқа айналып кетеді, не себепті мемлекеттік шекараға қатысты мәселелерге үкімет пен қоғам ерекше көңіл бөледі? Осы сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыда көрсетілген постмодернистік тәсілдемелер қажет болды. Аталған тәсілдемелер өкілдері де лимологияның барлық қарама-қайшылықтарының шешімін таба алмады, алайда мақала авторы дәстүрлі және постмодернистік тәсілдемелер делимитация, шекара маңы ынтымақтастығының тиімділігін арттыру, шекараны бақылау мен қауіпсіздігін нығайтудың тиімді жолдарын қарастыру, шекаралық қақтығыстарды реттеу, шекарадан өтетін адамдардың мүдделері мен құқықтарының бұзылмауы сияқты мәселелерді шешуде потенциалдары бар деген қорытындыға келеді.

Description

Citation

Шұқыжанова, А.Н. Шекараны зерттеудің теориялық тәсілдемелері/А.Н. Шұқыжанова//Вестник Карагандинского университета. Серия «История. Философия».-2022.-№2(106).-с.182-189

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By