Тотемдік наным-сенімдер және әдебиеттегі анималистік образдар

dc.contributor.authorЖумагелдин, Ж.Ш.
dc.contributor.authorЖарылғапов, Ж.Ж.
dc.contributor.authorСмагулов, Ж.Қ.
dc.date.accessioned2025-10-29T05:31:50Z
dc.date.available2025-10-29T05:31:50Z
dc.date.issued2025-09-30
dc.description.abstractМақалада қазақ әдебиетіндегі тотемизм ұғымы туралы сөз болады. Оның әдебиеттану ғылымындағы анималистика жанрымен байланысы, зерттелу деңгейі, мифтермен үндестігі, ерекшеліктері, жасалу жолдары, көріністері туралы жан-жақты талдаулар жасалынады, қазақ дүниетанымындағы таным- түсініктерден мысалдар келтіріле отырып ғылыми стильде талданады. Сонымен қатар әлемдік әдебиеттану ғылымындағы аталған терминдерге қатысты ғалымдар пікірі негізге алына отырып, салыстырмалы-салғастырмалы әдіс кеңінен қолданылды. Мақаланың мақсаты — әлем ғалымдары арасында тотемдік сана жөнінде әртүрлі көзқарастар болғандығы, сондай-ақ әр халықтың тотемдік танымында айырмашылықтар мен үндестіктер бар екендігін мысалдармен дәлелдеу. Зерттеудің жаңалығы — тарихи-салыстырмалы әдісіті қолдану арқылы әлем халықтарының наным-сенімінде жан-жануарларға байланысты дүниетанымның ұқсас болғандығы анықталды. Тотемизмнің көптеген әлеуметтік қауымдастықтарға, ұлттар мен тайпаларға әсер еткені, оның психологиясына, этникалық топтардың мәдени дәстүрлеріне және мінез-құлқына ықпал еткендігі көркем әдебиет мысалдарында көрсетілді. Мақалада тотемдік наным-сенімдердің пайда болуымен қалыптасқан анималистік образдардың шығу негізі, генезисі тарихи фактілер негізінде талданды. Қазақ әдебиетіндегі анималистік образдардың жасалу жолдары қазақтың дүниетанымымен сабақтастырыла қарастырылды. Сондай-ақ төрт түлік малдың қазақ әдебиетінде ерекше рөл атқаратыны, төрт түлік мал пірлерінің тотемдік сипаты қазақ фольклорында, қазақ халық ауыз әдебиеті жанрларында жақсы дәріптелгені дәлелденеді. Қазақтың батырлық эпостарындағы үй жануары — тұлпардың батырлардың ұлы жорықтарында сенімді серігі болғандығы батырлық жырлардан мысалдар арқылы көрсетіледі. Қазақ әдебиетіндегі жануарлар әлемінің қазақтың болмыс-бітімімен тұтастанып, кірігіп кеткені соншалық, антропоморфизм тәсілі арқылы жануарлардың қасиеті, болмысы, сыр-сипаты адам болмысымен ұқсастырылып суреттелуі қазақ әдебиеті туындыларында, тұтастай алғанда, әлем әдебиетінің туындыларында көрініс беріп, сипатталуы заңдылық екендігі мақала барысында жан- жақты талданады. Ұлттық әдебиетіміздегі анималистік образдардың негізінде жатқан тотемдік ұғымдар алғашында тайпалардың атына беріліп, рулық тұтастануға ықпал еткен. Оның өзі өзгеріске түсе келе, әр рудың қасиетті ата-бабалары тотем тектерге айналған. Осыдан келіп киелі адамдар туралы ұғым қалыптасқан, адамдардың атын қоюда киелілік мәнге ауысқан. Мақалада осы мәселеге де мән беріліп, тотемдік аңдардың (таутеке, қошқар, жылқы, түйе, бөрі, арыстан, айдаһар, бұғы, қарға мен бүркіт т.б.) бейнелері салынған қылыштар, жүген, ер-тоқым, белдік, қанжарлардың киесі бар деген таным тарихи деректер негізінде сарапталды.ru_RU
dc.identifier.citationЖумагелдин Ж.Ш. Тотемдік наным-сенімдер және әдебиеттегі анималистік образдар/Ж.Ш. Жумагелдин, Ж.Ж. Жарылғапов, Ж.Қ. Смагулов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2025. №3. 224-233 б.ru_RU
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz//handle/data/21002
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherАкадемик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series.;№3(119)/2025
dc.subjectәдебиеттануru_RU
dc.subjectқазақ әдебиетіru_RU
dc.subjectтотемизмru_RU
dc.subjectжануарларru_RU
dc.subjectанималистік образru_RU
dc.subjectзооморфтық бейнелерru_RU
dc.subjectмифологияru_RU
dc.titleТотемдік наным-сенімдер және әдебиеттегі анималистік образдарru_RU
dc.title.alternativeТотемные верования и анималистические образы в литературеru_RU
dc.title.alternativeTotemic beliefs and animalistic images in literatureru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
фил-224-233.pdf
Size:
998.62 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: