І. Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Ағыбай батыр образы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы
Abstract
Мақалада тарихи тұлға Ақжолтай Ағыбай батырдың тарихи жəне көркем бейнесі тарихи дискурс ка-
тегориясы негізінде қарастырылған. Ағыбай батырдың өмір жолындағы айтулы оқиғалардың, аңыз-
дардың ғалымдар зерттеуіндегі əртүрлі нұсқалары сарапталған. Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» рома-
нындағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің мəн-маңызы, хан Кененің бас қол-
басшысы һəм көтерілістің бас сардары Ағыбай батырдың тарихи тұлғасы, оның əдеби шығармаларда-
ғы көркем бейнесінің тарихи деректермен байланысы сөз болады. Романдағы тарихи жағдайлар
О.Г. Плехова ұсынған тарихи дискурсқа тəн бірқатар дискурсивті формулалар бойынша топтастырыл-
ған. Сонымен қатар тарихи дискурс категориясының басты дискурсиві болатын тарихи тұлға мен та-
рихи фактілердің көркем мəтінде интерпретациялануы зерделенген. Ағыбай батыр образы негізгі оқи-
ғалар мен оған қатысушылар; контекстік мəн; оқиғалардағы мəн-жайлар; оған қатысушыларды баға-
лау; дискурсты оқиғалармен байланыстыратын мəліметтер; оқиғалардың хронологиялық нақтылығы;
сюжеттері мен драмалануының мазмұнды баяндалуы сынды тарихи дискурстың негізгі элементтері
тұрғысынан зерттеледі. Зерттеу барысында дəстүрлі, салыстыру, салыстыру-талдау, интерпретация-
лық, семантикалық əдістері қолданылған.
Description
Citation
Жакулаев А.М. І. Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Ағыбай батыр образы/А.М.Жакулаев, А.М.Бабашов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology series. -2023. № 2(110) Б. 114-124.