Тұңғыш фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машанидің «Табиғат матбуғат» ) طبيعة مطبوعة ) қолжазбасы хақында
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Тұңғыш фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машани XX ғасырдың 40-жылдарынан бастап ортағасыр
мұсылман ренессансының көрнекті өкілі әл-Фараби есімін зерттеп-зерделеп, ортағасыр баба
мұрасының еңбектерінің негізінде жаңа ғылыми мұралар қатарын дүниеге әкелді. Солардың бірі
ретінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасының сирек
қорында сақтаулы Ақжан әл-Машанидің «Табиғат матбуғат» ( طبيعة مطبلوعة ) қолжазбасының көшірмесі.
Бұл қолжазбаны фарабитанушы-машанитанушы ғалым Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы кітапхана
қорына сыйлады. Фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машани аталмыш қолжазбаны «Табиғат матбуғат»
деп аталу себебін «Әл-Фараби және Абай» атты кітапта көрсете келе, барлық жаратылыс дүниенің
бірі — табиғат, ал матбұғат — баспа орны, кітап басып шығаратын орын деп негіздейді. Яғни, адам
баласының білім алатын көзі — табиғат дегенге саяды. Фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машанидің
көрсетуі бойынша табиғатты бақылау, зерттеу, оны тексеру, заңдылығын тану арқылы ғаламшардың
жаратылысын және Жаратушысын тануымызға болады деп атап көрсетеді. Ақжан әл-Машанидің
аталған қолжазбасынан табиғат және шындық дүниені тану жолында яғни Құран, АБЖД және
жаратылыстану ғылымдарының бір арнаға тоғыстыра отырып зерттеу арқылы жаңа ғылыми
дүниелерді көрсетті. Аталмыш қолжазба фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машаниды энциклопедист
ғалым ретінде одан әрі дәлелдей түседі. Себебі, бұл қолжазбада табиғаттың сырын шешудегі көптеген
мәселелер, яғни дүниені құраушы бес тетік, Қағба, темірдің (хадид) адамзат баласындағы алатын
орны, аспан әлемі туралы айтылған.
Description
Citation
Имангалиев А.Т. Тұңғыш фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машанидің «Табиғат матбуғат» ) طبيعة مطبوعة ) қолжазбасы хақында/А.Т. Имангалиев, З.О. Дүкенбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2022. №3. 74-83 б.