«Қарқаралы» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің топырақ түзілу факторлары және үдерістері

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Карагандинский университет им. акад. Е.А. Букетова

Abstract

Мақалада «Қарқаралы» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (МҰТП) топырақ түзілу факторлары және үдерістеріне талдау бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижелері берілген. Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің топырақ жамылғысының зерттелген аймағында олардың негізгі екі фактордан — тік зональдылық және аймақтың геологиялық ерекшеліктеріне байланысты әсерінен дамитыны байқалды. Аудан топырағы гранит, диорит және метаморфтық тығыз жыныстардан құралған. Барлық ежелгі жыныстар қуаттылығы әр түрлі төрттік шөгінділерімен жабылған. Атқарылған жұмыстар бақылау нүктелеріне маршруттар және зерттеу бағдарламасын құрастырудан басталған. Осыдан соң бақылау нүктелерін зерделеу; топырақ кесінділерін жасау — топырақтың морфологиялық қасиетін сипаттау, горизонттар бойынша топырақ үлгілерін алу жұмыстары орындалды. Жүргізілген далалық жұмыстар орманды, таулы-орманды және далалық ландшафттарда өтті. Осы жерлердегі сынамалық нүктелердің топырақ кесінділері бойынша олардың түсі Манселл шкаласы бойынша айқындалды. Топырақтың ылғалдылығы мен гранулометриялық құрамы және хлорлы сутектегі қайнауы анықталды.

Description

Citation

«Қарқаралы» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің топырақ түзілу факторлары және үдерістері / Мырзабаев А.Б. [т.б.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Биология. Медицина. География» сериясы. – 2023. – № 1(109). – б. 110-116.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By