Байқоңыр қаласының ерекше құқықтық мəртебесінің кейбір мəселелері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада Байқоңыр қаласын жалға алу жағдайында жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық бірлігі ретінде жəне «Байқоңыр» кешені жалға алынған кезеңде Ресей Федерациясымен қарым-қатынасында объектілерді, кəсіпорындар мен ұйымдарды қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ азаматтардың тұруы үшін айрықша тəртіпті федералдық маңызы бар қала ретінде қарастырылған. Байқоңыр қаласы мен аттас ғарыш айлағының құқықтық мəртебесі ерекше жəне əлемде теңдесі жоқ біртұтас кешен болғандықтан, онда шешімін табуды күтіп тұрған мəселелер жеткілікті. Байқоңырдың бір мезгілде екі құқықтық кеңістікте əрекет етуі оның қызметін едəуір қиындататын бірқатар құқықтық мəселелердің туындауына себеп болуда. Мақалада аталған мəселелер қазақстандық жəне ресейлік заңнамаға, халықаралық шарттарға сүйене отырып талданды. Қала мəртебесін құқықтық реттеу мəселелері арнайы ғылыми-теориялық зерттеулерді, болып жатқан өзгерістерді талдауды жəне түсінуді қажет етеді, өйткені қала мəртебесін жақсарту мен оңтайландыруға ықпал ететін нақты құқықтық ұсыныстарды, əдістер мен технологияларды əзірлеу мүмкіндігін береді. Зерттеу мақсаты Байқоңыр мəртебесіне жан-жақты талдау жасау, оның өзекті тұстарын анықтау, осы сала бойынша заңнама мен практиканы жетілдіруге байланысты ұсынымдар дайындау болып табылады.

Description

Citation

Байжанова К.Т. Байқоңыр қаласының ерекше құқықтық мəртебесінің кейбір мəселелері/К.Т. Байжанова, Р.Б. Ботағарин//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda university. LAW series. -2020. №4. 39-49 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By