Ақпараттық технологияларды қолдану негізіндегі спорттық жекпе-жек түрлерінің əдіснамасын жетілдіру
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Қарму басп.
Abstract
Мақалада спорттың жекпе-жек түрлерінде күш қасиеттерін, координаталық қабілеттіліктерді,
буырқанды сезімдік тұрақтылықты жетілдірудің əдістері мен амал-тəсілдері жайлы ақпарат берілген.
Авторлар спорттық жекпе-жек түрлерінде ақпараттық технологияларды қолдану негізінде жетілдіру
əдістемесі жайлы психологиялық-педагогикалық əдебиеттерге талдау жасаған. Спорттық жекпе-жек
түрлерінде өнер көрсететін маманданушы-спортшылардың координаттық қабілеттіліктерінің
құрылымы ашып көрсетілген. Жекпе-жек түрлерімен айналысушы спортшылардың жеке тұлғасының
психофизиологиялық ерекшеліктері тартымды сипатталған. Жекпе-жек спорт түрлері бойынша
оқытушы-бапкерлердің көмегі арқылы оқу-əдістемелік жұмыстарға байланысты іс-құжаттарды ретке
келтіруден бастап, ғылыми жаңалықтар мен ақпараттарды алуға, оны өңдеуге жəне енгізуге дейін
орындалған жұмыстар ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізінде білім алушылардың дене
тəрбиесінің əдістемесі жетілдірілді.
Description
Citation
Сейсенбеков Е.К. Ақпараттық технологияларды қолдану негізіндегі спорттық жекпе-жек түрлерінің əдіснамасын жетілдіру/Е.К. Сейсенбеков, Е.Б. Телахынов, Ғ.Р. Əшімханов//Қарағанды ун-тінің хабаршысы. Педагогика сер.=Вестник Караганд.ун-та=Bulletin of the Karaganda university.-2017.-№4(88).-Б.122-129