Постпандемия кезеңіндегі жаңа құндылықтар: «жаңа норма» ұғымының рөлі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті КЕАҚ баспасы
Abstract
«Жаңа норма» əдетте дағдарыстан кейін орын алатын жағдай ретінде қарастырылып келсе, пандемия
қоғамды жайлаған кезде денсаулық сақтау жəне емдеу жүйелері, экономикалық өмір, мəдениет,
əлеуметтік-экономикалық таптық құрылымдар мен нəсілдік қатынастар, іргелі институционалдық
тетіктер, қауымдастықтар мен күнделікті отбасылық өмір сияқты маңызды құрылымдардың қалыпты
жағдайын бұзды. Оған жаһандық деңгейде енгізілген ереже нормаларға қарап баға беруге болады.
СOVID-19 пандемиясы əлеуметтік жағдайлардың салдарынан ғана емес, күнделікті өмір салтымызда,
мəдениетімізде де «жаңа норманың» қалыптасатынын көрсетті. Мұны 2020 жылдан бері қалыптасқан
кейбір дағдыларға қарап анықтауға мүмкіндік туады. Мақалада «жаңа норма» анықтамасына зерттеу
жасалынып, «жаңа норма» бойынша əртүрлі өзгеріске ұшыраған жағдайларға болжамдар көрсетілген.
СOVID-19 пандемиясы жағдайында қалыптасқан қоғамдық нормаларға сипаттама шолу берілген,
жалпылама талдау жасалған. Авторлар қашықтықтан жұмыс істеуге кəсіби дайындықтың мəселелерін,
атап айтсақ, кеңседен тыс жұмыс істеудің техникалық дағдыларын, қызметкерлердің цифрлық
сауаттылығы жəне өзін-өзі бақылау дағдыларын жетілдірудің маңыздылығын атап өткен. Пандемия
кезінде цифрлық сауаттылықтың өсуіне назар аударылған. Көптеген компания қызметкерлерінің
карантин кезеңінде бейнеконференцияны, топтық жұмыс чаттарын, жобаны басқару жүйелерін,
бұлтты қызметтерді жəне тағы басқа цифрлық дағдыларды сəтті игергені туралы айтылған. Мұның
бəрі қосымша жұмыспен қамтуды дамытудың маңызды алғышарты екендігіне мəн беріледі
(фрелансинг, қосымша жұмыс, қашықтан оқыту). Сондай-ақ, қызметкерлердің қашықтықтан
жұмыспен қамтуды жалғастыруы нəтижесінде қандай оң жəне теріс салдар қалыптасқанына
салыстырмалы талдау жүргізілген.
Description
Citation
Сариева A.T. Постпандемия кезеңіндегі жаңа құндылықтар: «жаңа норма» ұғымының рөлі/A.T. Сариева, A.K. Жолдубаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2023. №3. 246-253.