Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы кейбір заңдық терминдеріне салыстырмалы талдау

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы

Abstract

Мақалада Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының азаматтық-құқықтық нормативтік актілеріндегі кейбір заң терминдерінің қолданылу ерекшеліктеріне салыстырмалы- құқықтық талдау берілген. Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігін анықтау аспектісінде авторлар құқықтық терминологияны ретке келтіру, оның функционалды мәселелерін шешу құқықтық ұғымдарды терең ғылыми дамытусыз, олардың логикалық талдауы мен дәл анықтамасынсыз мүмкін емес деген маңызды қорытынды жасаған. Егер құқықтық ұғымдар жеткілікті түрде айқын анықталмаса, дәл, жетілдірілген терминология туралы айту мүмкін емес. Ең алдымен, азаматтық- құқықтық нормалар мен актілерде заң терминологиясын дамыту процесінде белгілі бір заңдылықтар анықталды, бұл Қазақстан Республикасының отандық азаматтық құқығын қалыптастыру процесінде заң тілін қалыптастырудың тұтас көрінісін жасау үшін негіз бола алады. Зерттеудің мақсаты Өзбекстан Республикасының нормашығармашылық қызметінің тәжірибесін зерделеу және Қазақстан Республикасындағы заңнаманың сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу болып табылады. Авторлар жасалған тұжырымдарға, оның ішінде заңдағы категориялар, ұғымдар мен терминдер үшін терминологиялық біріздендірудің қажеттілігіне назар аударды, өйткені олардың пікірінше, бұл нормативтік материалды ұсынуда сенімділік пен айқындыққа әкеледі және заң шығарушының құқықтық нормаға енгізген мағынасын бұрмаламайды. Мақалада ғылыми танымның жалпы әдістері: синтез, талдау, индукция, шегеру, салыстырмалы құқықтық, жүйелік, логикалық әдістер пайдаланылған.

Description

Citation

Асетова Г.Б. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы кейбір заңдық терминдеріне салыстырмалы талдау/Г.Б.Асетова, М.Т.Акимжанова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2022. №2. Б.107-112.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By