Көкшенің айтыс өнерінің қалыптасу және даму тарихы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада Көкше өңіріндегі айтыс өнерінің қалыптасуы, дамуы жөнінде айтылған. Атақты айтыскер ақындардың шығармашылығы кезең-кезеңмен қарастырылған. Сонымен қатар олардың Көкшенің айтыс өнерін қалыптастыруға сіңірген еңбектеріне сараптама жүргізілген. Әсіресе, Көкшетаудың айтыс өнерінің қалыптасуының қалай бастау алғаны бойынша ғылыми ақпарат берілген. Көкшетау баурайында туып өскен: Бертағының баласы Орынбай, Шөже, Тойлыбай бидің ұлы Арыстан, Атығай соқыр Тоқжан, Шал, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай және т.б. қазаққа кеңінен танымал айтыскер ақындар шығармашылығы зерделенген. Көкшелік өнер тарландары тек бір ғана ақындық өнерді меңгермеген, бір басына ақындықпен қатар, импровизаторлық өнер, әншілік-композиторлық қабілетті де сіңіре білген тұлғалар. Сондықтан зерттеуге негіз болған айтыс ақындарының шығармашылығын, олардың жеке авторлық бейнесін қайта құру және сипаттау арқылы мәдени мұраны жаңғыртуды мақсат еткен.

Description

Citation

Тлеубердина Г.Т. Көкшенің айтыс өнерінің қалыптасу және даму тарихы/Г.Т. Тлеубердина, Б.К. Аубакирова, Г.Т. Батыргалиева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2021. №4. 116-125 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By