Ақтөбе облысына немістердің күштеп көшірілу тарихы (1941–1943 жж.)
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада немістердің Ақтөбе облысына күштеп көшірілу тарихы қарастырылған. Кеңестік немістер этникалық белгісіне қарай қуғын-сүргін саясатының үлкен зардабын көрген халықтардың бірі. Жергілікті архив деректері, жарияланған басқа да құжаттар және өлкетану материалдары негізінде арнайы қоныс аударылған немістердің өңірге көшірілу кезеңдері, олардың саны, жас-жыныстық құрамы, аудандар бойынша бөлінісі, орналастырылуы және әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етілуі талданған. Қазақстанға арнайы қоныс аударылғандар ретінде немістердің бірнеше
категориялары келді. Олар КСРО-ның түкпір-түкпірінен күштеп көшірілген неміс отбасыларымен қатар, еңбек колонналарына жұмылдырылған түрлі санаттағы немістер. Жұмыс күші ретінде еңбек колонналарына азат етілген еуропалық елдерден айдап әкетілген неміс ұлтының өкілдері де алынды. Олардың барлығы облыс аумағында қолға алынған ірі құрылыстарда, өндіріс орындарында жұмыс
жасады. Ақтөбе еңбекпен түзеу лагерінің бөлімшелері болған бұл құрылыс алаңдары іс жүзінде жеке лагерь ретінде қызмет етті. Мақалада Ақтөбе лагеріндегі немістердің саны беріліп, олардың еңбек жағдайы және басқа да мәселелері зерделенген. Авторлар күштеп көшірілген немістердің жаңа жерлерде екінші рет қуғын-сүргінге ұшыратылғандығын атап өтеді. Оған арнайы қоныс аударылғандардың туыстарынан ажыратылып, еркінен тыс жұмысқа жегілуі, түрлі жалған айыптармен қылмыстық қуғындауға ұшырап, ұзақ мерзімге сотталуы немесе ең жоғары жазаға кесілуі
дәлел бола алады. Жергілікті архив құжаттары Ақтөбе өңірінде бұрыннан тұратын, арнайы қоныс аударылғандар санатына жатпайтын неміс ұлтының өкілдерінің де арнайы есепке алынып, қатаң бақылауда болғандығын көрсетеді.
Description
Citation
Мәден А.Т., Мустафина Ж.Д. Ақтөбе облысына немістердің күштеп көшірілу тарихы (1941–1943 жж.)./ А.Т. Мәден , Ж.Д. Мустафина// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.— 2025. — 30-т., 2(118)-шығ. — 90-99 б.