Қазақстандағы жастар кəсіпкерлігін дамытудың сандық жəне сапалық параметрлерін талдау
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Мақалада Қазақстан Республикасындағы жастар кəсіпкерлігін дамытудың сандық жəне сапалық
параметрлері қарастырылған. Жастар кəсіпкерлігі жұмыспен қамтудың өсуін, жастарды шаруашылық
қызметке тартуды, олардың əлеуметтенуі мен өзін-өзі көрсетуін қамтамасыз ететін құрал ретінде
айқындалады. Осы бағытты дамыту елдің инновациялық даму мүддесінде жас ұрпақтың креативті
жəне күшті əлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді. Кəсіпкерлік саласындағы жастардың жағдайы мен
мүмкіндіктерін анықтайтын субъектілер талданды. Жастар кəсіпкерлігінің дамуын сандық жəне
сапалық талдау негізінде 15–28 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының белсенді халқының
экономикалық саны олардың өсу серпіні, 2001–2018 жж. 15–28 жас аралығындағы Қазақстан
Республикасының экономикалық белсенді халық санының елдің жалпы жұмыс күшімен ара қатынасы,
2001–2018 ж. 15–28 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді
халқының саны аймақтар бойынша, жергілікті жердің типі жəне экономикалық қызмет түрлері
бойынша, гендерлік бөліністе, білім деңгейі, сондай-ақ, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі
жəне оның NEET санатындағы жастармен байланысы анықталды. Мемлекеттің, бизнестің, азаматтық
қоғам институттарының (үкіметтік емес ұйымдар) ортақ күш-жігерін жүзеге асыру ғана жастар
кəсіпкерлігін дамытуға ықпал ететіні туралы қорытынды негізделді.
Description
Citation
Жартай Ж.М. Қазақстандағы жастар кəсіпкерлігін дамытудың сандық жəне сапалық параметрлерін талдау/Ж.М. Жартай//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика. -2019. №4. 312-324 б.