Бейвербалды амалдардың ұлттық нышан ретінде орыс және ағылшын тілдеріне аударылуы (Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романы негізінде)

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Қазақ тіліндегі көркем шығармалардың сапалы аудармасының болмауы, шетелде қазақ шығармаларына деген қызығушылықтың төмендігіне әкеледі. Бұл қазіргі кезде қазақстандық аударматанудың өзекті мәселесіне айналған. Осы орайда шет тілдеріне аударылған шығармаларға кешенді талдау жасау арқылы қазақ мәдениетіне тән ерекшеліктерді аударылатын тіл арқылы жеткізудің жолдарын табу қажеттілігі туындап жатыр. Бұл — тек әдеби мәтіннің тілдік мазмұнын ғана емес, сонымен қатар ұлттық дүниетаным, мәдени ерекшеліктер мен бейвербалды кодтарды да шетелдік оқырманға барынша дәл жеткізуді талап етеді. Осы аспектілерді елемеу аударманың толықтығы мен мәдени адекваттылығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан көркем аудармада бейвербалды амалдардың берілуін зерттеу — отандық аударматанудың әрі теориялық, әрі қолданбалы бағытында маңызды қадам болып саналады. Сонымен қатар, мұндай зерттеулер ұлттық мәдениет пен тілдің жаһандық кеңістікте танылуына, мәдени диалогтың нығаюына және шетелдік оқырман санасында қазақ болмысының терең бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді. Мақалада көркем әдебиет мәтіндеріндегі ұлттық-мәдени бейвербалды амалдарды аудару мәселесі қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романы және оның орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармалары алынған. Жұмыста бейвербалды коммуникация ұлттық кодтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде сипатталады. Аудармалар арқылы қазақ мәдени ерекшеліктерін шетелдік оқырманға жеткізудің өзектілігі мен маңыздылығы айқындалады. Қазіргі таңда қазақ ым- ишараларына арналған сөздіктер бар болғанымен, бейвербалды амалдардың көркем аудармада берілуіне қатысты салыстырмалы зерттеулер жеткіліксіз. Бұл жағдай зерттеудің ғылыми жаңалығын арттырады. Зерттеудің мақсаты — ұлттық бейвербалды белгілердің (ым-ишара, мимика және т.б.) қазақ тілінен орыс және ағылшын тілдеріне аударылу ерекшеліктерін анықтап, мәдени бейімделу үдерісін зерделеу. Аудармада қолданылатын негізгі стратегиялар ретінде — доместикация (мәдени бейімдеу) мен форенизация (мәдени бөгделікті сақтау) тәсілдеріне, сондай-ақ сипаттамалық және калькалық әдістерге ерекше назар аударылған. Зерттеу барысында салыстырмалы, семантикалық және контекстуалдық талдау әдістері қолданылды. Қазақ тіліндегі түпнұсқа мен оның аудармаларынан алынған мысалдар негізінде бейвербалды амалдар жүйеленіп, олардың трансформация сипаты, дәнекер тілдің ықпалы және ұлттық реңкті жеткізудегі қиындықтар талданды. Зерттеу нәтижесінде бейвербалды амалдарды адекватты аудару үшін аудармашыға тілдік біліммен қатар мәдени-фондық ақпарат қажет екені анықталды. Көркем мәтіндегі бейвербалды амалдардың дәл және мәдени тұрғыдан үйлесімді берілуі — автор идеясының сақталуына және оқырманға кейіпкер бейнесін дұрыс ұғынуға ықпал етеді.

Description

Citation

Утеулиева А.А. Бейвербалды амалдардың ұлттық нышан ретінде орыс және ағылшын тілдеріне аударылуы (Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романы негізінде)/А.А. Утеулиева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология=Bulletin of the Karaganda University. Philology series. -2025. №2. 79-90 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By