Еркін турбулентті ағыншаны эксперименттік зерттеу

Abstract

Мақалада шығар қимасы квадрат формалы соплодан ағып шығатын еркін турбулентті ағыншаның даму динамикасы зерттелді. Зерттеулер ағыншаға сыртқы əсер түсірілген жəне түсірілмеген жағдайларды қоса қамтиды. Термоанемометрдің көмегімен жылдамдықтың орташа жəне пульсациялық мəндері өлшенді, турбулентіліктің деңгейлеріне талдау жасалды. Соплодан таралатын еркін ағыншаның өлшемсіз асқын температурасының ось бойындағы өзгерістері зерттелді. Ағыншадағы ағыстың құйындық құрылымын зерттеу үшін термоанемометрмен өлшенетін, осциллографтың экранында сақталатын жылдамдықтың лездік пульсациясының жазылуы əдісі қолданылды. Термоанемометрдің көмегімен жылдамдықтың орташа жəне пульсациялық мəндері, турбуленттіліктің деңгейлері (турбуленттіліктің қарқындылығы) өлшенді. Жылдамдықтың пульсациясының лездік өзгерісінің осциллограммаларына талдау жасау негізінде, ірі масштабты бірінші реттік құйындардың пайда болуы жəне олардың соплодан алыстауы кезіндегі даму жиіліктері есептелінді. Жылдамдықтың лездік пульсациясы дабылын созу осциллограммасына талдау жасау жылдамдық тербелісінің нақты берілген жиіліктері бар екендігін көрсетті. Жылдамдықтың осы тербелістері бастапқы бөлімшеде еркін шекаралық қабаттағы ірімасштабты дискреттік құйындардың пайда болу жиіліктерімен дəл келеді. Ағыстың бойымен төмен соплоның шығар қимасынан алыстаған сайын бірінші реттік құйындардың бір-бірімен əсерлесуі жəне олардың осінің негізінде іріленуі нəтижесінде үлкен амплитудалы төменгі жиіліктегі жылдамдықтардың тербелісі пайда болды.

Description

Citation

Төлеуов, Ғ. Еркін турбулентті ағыншаны эксперименттік зерттеу / Ғ. Төлеуов, М.С. Исатаев, Ж.Қ. Сейдулла [т.б.] // Қарағанды универисетінің хабаршысы. Физика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Физика.=Bulletin of the Karaganda University. Physics series. – 2019. – №1. – 79-86 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By