Сарыағаш-Келес өңірлеріндегі жер-су аттарының шығу тарихы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы
Abstract
Бұл мақалада Сарыағаш және Келес өңірлерінде кездесетін бірқатар жер-су атауларының шығу
тегі қарастырылады. Өңірге тән аса белгілі топонимдер: Сарыағаш, Келес, Дарбаза, Қызылжар, Бозай,
Жемісті және Жібек жолы атаулары жеке-жеке талданып, олардың табиғи-географиялық, тарихи,
лингвистикалық және этномәдени негіздері сараланады. Зерттеудің теориялық тірегі ретінде Бибізия
Қалшабаева, Бақдаулет Сыздықов және Мадияр Елеуовтің еңбектері алынды. Бұл ғалымдардың
зерттеулерінде өңір топонимиясының көпқабатты сипаты, көне түркі және оғыз-қыпшақ кезеңдерінен
қалған атаулардың сақталуы және олардың қазақ лексикасымен табиғи түрде ұштасуы кеңінен
талданады. Мақалада жергілікті халық жадында сақталған ауызша деректер мен картографиялық
материалдарға сүйене отырып, атаулардың қалыптасу себептері кеңінен сипатталады. Әрбір
топонимнің артында белгілі бір табиғи құбылыс, тарихи оқиға немесе ру-тайпалық қоныс тарихы
жатқандығы көрсетілді.Бұл зерттеу жұмысы өңір топонимдерін ғылыми тұрғыдан түсіндірумен қатар,
жергілікті атаулардың мәдени маңызын ашуға бағытталған. Қорыта айтқанда, Сарыағаш-Келес
аймағының жер-су атаулары халықтың тарихи жадын, ұлттық дүниетанымын және көшпелі
мәдениеттің ізі мен жалғастығын сақтап тұрған маңызды мұра.
Description
Keywords
Citation
Ергеш Ж.М. Сарыағаш-Келес өңірлеріндегі жер-су аттарының шығу тарихы/Ж.М. Ергеш// Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 321-324 б.