Қазақстан Республикасында салықтық жоспарлаудың құқықтық негіздері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Салықтық жоспарлауға негіз болып мемлекеттің салық, бюджет, инвестициялық саясаттарының
негізгі даму бағыттарын ескеру; кəсіпорынның есеп саясатын жүргізу; заң бойынша белгіленген
барлық салық жеңілдіктерін толық жəне дұрыс қолдана отырып, салық төлеушінің салық
міндеттемесін орындау; салық төлеу мерзімін ұзарту, салық жəне инвестициялық жеңілдіктерді алу
мүмкіндігін бағалау, тағы басқа факторлар танылады. Салықтық жоспарлау жедел (оперативті),
бақылау, жоспарлау тəрізді функцияларды атқарады. Салықтық жоспарлауды жедел, тактикалық жəне
стратегиялық элементтерді қамтитын үш деңгейлі жүйе ретінде де қарастыруға болады. Қарастыратын
мəселесінің маңыздылығына жəне шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы қызметінің соңғы
нəтижесіне салықтардың тигізетін əсеріне байланысты салықтық жоспарлау стратегиялық жəне жедел
(оперативті) кезеңдерді қамтиды. Мемлекеттік салықтық жоспарлау көбінесе ағымдағы салықтық
жоспарлау түрінде жүзеге асырылғандықтан, ол нақты қаржылық жылға түсетін салықтық
түсімдердің жоспарын қалыптастырумен байланыстырылады жəне салықтық міндеттемелердің
орындалуын қамтамасыз ететін тəсілдерден тұрады. Мемлекеттік салыктық жоспарлауды іске асыру
кезінде салық салуға байланысты болжамдар бюджеттік тапсырмалар негізінде қалыптастырылады
жəне еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуының багдарламаларында беріледі. Бұл бағдарлама
салық салу аясындағы қағидалар мен ережелерді, салык заңдарын жəне қаржылық заңдарды қабылдау
(салық салу жөнінде қабылданған нормативтік актілер, өзгерістер мен толықтырулармен қабылданған
салық кодексі, барлық қызмет көрсету сферасындағы заңды жəне жеке тұлғаларға біркелкі салық
саясатын жүргізу құралы) негізін құрайтын экономикалық тұрғыдан негізделіп, заң түрінде
ресімделген қағидалар мен ғылыми тұжырымдарды белгілеу жүзеге асырылады.
Description
Citation
Тұрұнтаева А.А. Қазақстан Республикасында салықтық жоспарлаудың құқықтық негіздері/А.А. Тұрұнтаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. ҚҰҚЫҚ сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия ПРАВО. = Bulletin of the Karaganda university. LAW Series. - 2018. №3. 176-180 б.