Ерлі-зайыптылар арасындағы қақтығыстардың психологиялық негіздерін зерттеу
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
KSU Publ.
Abstract
Отбасы отанымыздың ошағы, баланы тұлға ретінде қалыптастыратын ең басты ұжым болып
табылады. Отбасындағы əлеуметтік-психологиялық атмосфера ерлі-зайыптылардың арасындағы өзара
түсіністік пен қақтығыстардың орын алмауына байланысты болып табылады. Қазіргі таңда ерлі-
зайыптылар арасындағы қақтығыстардың психологиялық негіздерін толық зерттеген ақпараттар
жеткіліксіз. Мақалада отбасының қызметі мен маңыздылығы жайлы айтылған. Ерлі-зайыптылар
арасындағы қақтығыстық жағдайлардың ерекшеліктері зерттелген. Зерттеу барысында ер жəне əйел
адамдарға психологиялық арнайы əдістер жүргізілген. Ерлі-зайыптылардың темперамент типтеріне
жекеленген психологиялық талдау жасалған. Сонымен қатар ер жəне əйел адамдардың қақтығыстық
жағдайда ұстанатын жүріс-тұрыстық стратегияларының түрлері анықталған. Зерттеу нəтижелерінің
негізінде, ер жəне əйел адамдардың арасындағы қақтығыстардың орын алуы мен жалғастығы, ең
алдымен, олардың темперамент ерекшеліктерімен байланысты екендігі анықталған. Зерттеу
нəтижелері отбасы психологиясымен айналысатын мамандарға, психологиялық кеңестер беру кезінде
туындайтын кейбір сұрақтарға практикалық жауап болып табылады.
Description
Citation
Игембаева К.С. Ерлі-зайыптылар арасындағы қақтығыстардың психологиялық негіздерін зерттеу/К.С. Игембаева//Қарағанды универисетінің хабаршысы. ТАРИХ. ФИЛОСОФИЯ Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия ИСТОРИЯ. ФИЛОСОФИЯ.=Bulletin of the Karaganda University. HISTORY. PHILOSOPHY Series.-2017.-№1.Б.129-134.