Қазақ прозасындағы ашаршылық тақырыбы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада ХХ ғасырдың 1920–30-шы жылдарында елімізде болған ашаршылықтың қазақ
жазушыларының шығармаларында көрініс табуы туралы баяндалған. Бұл орайда Ж. Аймауытов,
Б. Майлин, Н. Ахметбеков, Н. Баймұратов, Ж. Сыздықов сияқты ақын-жазушылар бірден еске түседі.
Сол тұста ашаршылық жөнінде ашып айтуға қатаң тыйым салынғандықтан, осы тақырыпты
шығармаларына арқау еткен қаламгерлерге «халық жауы» деген айдар тағылып, репрессияға
ұшырағаны белгілі. Тек КСРО ыдырауының соңына қарай қазақ жазушыларының еңбектері шыға
бастады. Бірте-бірте зұлмат жылдар шындығы қазақ халқына да жетті. Бұл мəселеге Ғ. Мүсірепов,
М. Мағауин, С. Жүнісов, Қ. Жұмаділов, Ш. Мұртаза, Қ. Қазыбаев, С. Елубай, З. Жəкенов, Ж. Башар,
Х. Сейткемелов, Б. Жандосай, М. Қозыбаев, С. Лəмбекұлы қалам тартқан. Осы мақалада кейбір
шығармалар арқылы жазушыларымыздың қоғам өмірін, заман тынысын қалай шынайы суреттеп, сол
дəуір адамдарының сан қырлы портретін жасаудағы шеберлік қырлары сипатталған. Қазақ
жазушыларының шығармаларындағы ашаршылық мəселесін талдау, олардың жалпы гуманистік
мағынасын түсіну — мақаланың жаңашылдығы. Өйткені ашаршылық тақырыбына қалам тербеген
жазушылардың еңбектеріне əдеби-лингвистикалық тұрғыда талдау жасаған еңбектер көп емес, яғни
тіл білімінде, əдебиеттану ғылымында əлі зерттеуді күтіп тұрған мəселе. Сондықтан бұл келешек
ұрпақтың тілге тиек ететін тақырыбы болмақ дей отыра, автор уақыт өте келе бұл мəселе қайта ойлау
мен түсіндіру əдісіне айналады деген қорытынды жасайды.
Description
Keywords
Citation
Ибраимова Ж.Ж. Қазақ прозасындағы ашаршылық тақырыбы/Ж.Ж. Ибраимова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2021. №3. Р.7-15.