Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының ағымдағы жағдайы жəне оны реттеуде туындайтын мəселелерді талдау
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақалада еліміздегі еңбек нарығының ағымдық жағдайын бағалау көзделген, осыған байланысты
макроэкономикалық көрсеткіштерге талдау жасау Қазақстан Республикасының экономикасының
тəуелсіздік жылдарда, яғни 1991 жылдан бастап бірқалыпсыз дамығандығын, ал 2000 жылдан бастап
экономикалық өсудің оң динамикасы өскендігін көрсетті. Жалпы еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін
еңбек нарығы көптеген өзгерістерге ұшырады. Халықтың экономикалық белсенділік деңгейі
көтерілді, жалпы экономикада жұмысбастылар саны өсті, жұмыссыздық деңгейі (əсіресе жастар
арасында) төмендеді, жұмысбастылық құрылымында өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі
төмендеді, елде нақты еңбекақы өсімі байқалады, экономика салалары бойынша, секторлары
(мемлекеттік жəне жеке сектор, ресми жəне бейресми сектор) бойынша жұмысбастылық
құрылымында өзгерістер болды. Жұмысбастылықты қамтамасыз етуде біртіндеп кіші жəне орта
кəсіпкерліктің, қызмет секторының рөлі нығаюда. Сонымен қатар авторлар Қазақстан
Республикасында еңбек нарығының жалпы жағдайын сипаттау мақсатында еңбек нарығының жəне
оның салыстырмалы көрсеткіштеріне талдау жасап, экономикалық белсенділік деңгейі анықтаған.
Осы талдаулар еңбек нарығында туындайтын мəселелерді анықтап, еңбек нарығының қазіргі
жағдайын сипаттайтын факторларды келтіруге мүмкіндік берді. Зерттеу барысында Қазақстанның
əртүрлі аймақтарында еңбек ресурстарының ұдайы өсуінің демографиялық ерекшеліктеріне
байланысты ерекше түрлері бар екендігі анықталды.
Description
Citation
Ескендір Н.Н. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының ағымдағы жағдайы жəне оны реттеуде туындайтын мəселелерді талдау/Н.Н. Ескендір, К.Т. Таттымбетова, А.Б. Жумашева//Қарағанды универисетінің хабаршысы. Экономика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика.= Bulletin of the Karaganda University. Economy Series.-2018.-№3.-Б. 122-129.