Білім беру жүйесіндегі цифрландыру мәселелері: философиялық талдау
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Цифрландырудың дамуы білім беру саласына өзгерістер алып келуде. Бүкіл әлемде және елімізде
цифрландыруға қатысты жаңа мемлекеттік өзгерістер үстемдік ете бастады. Цифрлық жүйенің дамуы
нәтижесінде іске қосылатын жаңа технологиялардың артықшылығы жеткілікті. Бүгінгі таңда мұндай
өзгерістер қызметтің барлық дерлік салаларын, соның ішінде білім беру саласын қамтып отыр. Білім
беруді трансформациялау жаһандық процестің сын-қатерлеріне жауап беріп қана қоймай, оның жүзеге
асырылуын да айқындайды. Қоғамның барлық салаларын цифрландыру мен трансформацияланатын
білім берудің түйісуі мен өзара шарттылығы мәселесі ерекше жағдайларға байланысты іргелі ғылыми
міндетке айналып отыр. Бүгінгі күні цифрлық білім беру барысында оқытушы мен білім алушыда
кездесетін мәселелердің мәнін теориялық-әдіснамалық тұрғыдан түсіну, теріс тенденцияларды азайту
қажеттілігін ескере отырып, тек теориялық қана емес, практикалық маңызы бар өзекті міндет болып
табылады. Қазіргі білім берудің өзгеруін тудыратын іргелі факторлардың қатарына цифрландыру,
цифрлық технологиялардың білім беру жүйесінің әр түрлі аспектілеріне әсерінің күшеюі жатады.
Цифрландырудың қазіргі білімге әсері сан қырлы: оның даму мүмкіндіктері кеңейеді, сонымен бірге
жаңа мәселелер туындайды, бұл осы феноменнің күрделілігі мен динамикасын күшейтеді. Мақаланың
мақсаты — цифрландыру процесінің әсерінен қалыптасатын заманауи білім беруді дамыту
ерекшеліктері мен мәселелерін анықтау.
Description
Citation
Амангельдиев А.А. Білім беру жүйесіндегі цифрландыру мәселелері: философиялық талдау/А.А. Амангельдиев, С.Е. Шакиров//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024. №3. 285-293 б.