Қазақстанда медиация институтын дамытудың ерекшеліктері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Мақалада еліміздің азаматтық іс жүргізу құқығындағы медиация арқылы дауларды шешудің
теориялық жəне тəжірибелік мəселелеріне жүйелі түрде зерттеу жүргізілді. Еліміздегі медиация
институтының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері зерделенген. Авторлар қазақ қоғамындағы
билер институтымен сабақтастығын ашып көрсету жəне көне дəстүрді жаңғыртып, билер сотының
мүмкіндіктерін еліміздегі татуластыру рəсімдеріне енгізу мəселелеріне тоқталған. Азаматтық іс
жүргізудегі медиация тəртібімен дауды реттеу мен бейбіт келісім жасаудың ұқсастықтары мен
ерекшеліктері анықталды. Жүргізілген зерттеу — азаматтық процестік құқықтың маңызды
институттарының бірін, яғни медиация рəсімін, жүзеге асыруда орнатылатын құқықтық
қатынастардағы делдалдың қатысуымен өткізілетін татуластыру рəсімі қағидаттарының ерекше
маңыздылығын көрсетіп отыр. Медиацияның қоғамдық дамудың бастау көзі болып табылатын өткір
қарама-қайшылықтар сияқты жанжалдарды реттеуде болатын əдістерін анықтаған. Нормативтік жəне
доктриналды сипаттағы медиацияның құқықтық негіздерін зерттеу барысында олардың өзара іс-
əрекеті мен арақатынасының деңгейі анықталды. Құқыққолдану тəжірибесінде татуластыру рəсімінің
сəтті қолданылуы қатысушы тараптардың медиация рəсіміне, еліміздегі медиативтік практиканың
сəтті дамығандығының көрсеткіші болып табылатын медиатордың өзіне сенуімен байланысты.
Медиация адамдар арасындағы адамгершілік жəне іскерлік қатынастарды сақтау сияқты, одан
маңыздырақ мақсаттарға қызмет етеді. Партисипативтік рəсім заңды жəне жеке тұлғалардың азамат-
тық, еңбек, отбасылық, басқа да құқықтық қатынастардан туындаған азаматтық-құқықтық дауларда
өркениетті елдерде қолданылуы түрлі балама тəсілдерді тəжірибеге енгізуі де анықталды.
Description
Citation
Нұржанова А.Қ. Қазақстанда медиация институтын дамытудың ерекшеліктері/А.Қ. Нұржанова, Л.С. Серікова//Қарағанды университетінің хабаршысы. ҚҰҚЫҚ сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия ПРАВО. = Bulletin of the Karaganda university. LAW Series. - 2018. №4. 74-84 б.