«Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілетудегі ЖОО əлеуеті
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстың негізгі мақсаты — ұлттық
құндылықтарды сақтау жəне көбейту. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы — қазіргі Қазақстанның
тарихи дамуындағы жаңа кезең. Əрбір жеке тұлғаның қоғамдық санасын жаңғырту кəсіби қызметте
табысқа жету жəне өзінің бəсекеге қабілеттілігін бекіту мақсатында жастардың көзқарасын қайта
қарауды көздейді. Бұл ретте ғасырлар бойы жинақталған барлық оң тəжірибені, халық пен елдің
ерекшеліктерін сақтау маңызды жəне бұл процесте білім беру жүйе құраушы рөл атқарады. Бүгінгі
таңда Қазақстанда құндылықтарды студенттік ортаға жылжыту, жастарда Отанның бүгіні мен
өткеніне қатыстылық, оның болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру мəселесі өткір тұр,
бірақ бұл процесті жүзеге асырудағы білім беру кеңістігінің əлеуеті толық ашылмаған. Осы
мемлекеттердің өзгерген білім беру кеңістігі жағдайында мемлекеттер ұсынған барлық
құндылықтарға ие, жас азаматтардың рухани құндылықтарын дамытуға жəне сақтауға жауапты
əлеуметтік белсенді жаңа ұрпақты қалыптастыру процесі өзекті болып табылады. «Рухани жаңғыру»
бағдарламасының құндылық бағдарларының қалыптасуының бастапқы деңгейін анықтау мақсатында
қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары арасында Google нысанын
пайдалану арқылы онлайн-сауалнама ұйымдастырылды. Бұл сауалнаманың маңыздылығы
қазақстандық студенттер арасында «Рухани жаңғыру» құндылық бағдарларының қалыптасуының
бастапқы жағдайын анықтау мүмкіндігінде жатыр. Өз кезегінде, бұл нəтижелер қазақстандық жоғары
оқу орындарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын ілгерілету контентін анықтау
үшін бастапқы ұстаным болады. Сауалнама студенттердің əлеуметтендіру процесін жандандыру
қажеттілігін растады. Біздің идеямыз оқу процесінің жүйелілігін оны оқу пəндерінің мазмұнына
интеграциялау арқылы қамтамасыз ету болып табылады. Осы аспектіде «Рухани жаңғыру»
құндылықтарын студенттік ортада ілгерілету жоба шеңберінде одан əрі жұмыс істеудің мəні болып
табылатын əдіснамалық шешімдер мен стратегияларды іздестіруді қажет етеді. Күтілетін нəтижелер
«Рухани жаңғыру» құндылықтарын студенттік ортада ілгерілетуге ықпал ететін болады.
Description
Keywords
Citation
Сырымбетова Л.С. «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілетудегі ЖОО əлеуеті/Л.С. Сырымбетова [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy Series. -2021. №1. 51-56 б.