ТМД елдеріндегі мемлекеттік билік жүйесіндегі прокуратура органдарының орны мен рөлі

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Зерттеудің мақсаты — прокуратура органдарының құқықтық мəртебесі ерекшеліктерін анықтау жəнеРесей Федерациясы, Əзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Тəжікстан, Өзбекстан, Украина, Түркіменстан Республикаларында жəне Қазақстан Республикасында прокуратура органда- рының қызметін ұйымдастыру, оларды одан əрі дамыту жəне жетілдіру перспективаларын зерттеу жəне оған объективті талдау жасау. Аталған мемлекеттермен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының конституциялық мəртебесін зерттеу тарихи тұрғыдан да, қазіргі кезеңде де маңызды. Өйткені бұл мемлекеттердің, біртұтас тарихи тамыры бар жəне олардың даму мен əрекет ету проце- сінде жүзеге асырған мақсаттары, міндеттерінің ортақтығы жақындастырады. Əр мемлекеттің өзіндік ерекшелігі, қазіргі кезеңдегі ерекше жағдай осы органның ұйымдастырылуы мен қызметіне белгілі бір түзетулер енгізеді. Осыған байланысты, ғылыми жəне практикалық тұрғыдан алғанда, ТМД елдерімен Қазақстан Республикасы прокуратурасының конституциялық мəртебесінің қалыптасуы мен дамуын- дағы жалпы жəне ерекше талдау, мемлекеттік билік жүйесіндегі орны мен рөлін айқындау өзара ынтымақтастық жағдайында шешімі қиын мəселелерде, қылмыстылықпен күресуде айыптаулардың тəжірибесін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда Достастыққа мүше кейбір елдердің про- куратурасының ұйымдастырылуы мен қызметі, яғни, заңның үстемдігін, бірлікті жəне заңдылықты нығайтуды қамтамасыз ететін маңызды құқық қорғау органдарының конституциялық-құқықтық мəртебесімен байланысты проблемаларды талдау ерекше маңызды болып табылады. Оның қажеттілігі прокуратураның қызметін жаңарту процесімен түсіндірілсе, демократиялық принциптер мен стандарттарды енгізу əрекеттері жаңа егемен елдердің заң шығарушыларын прокуратура органдарының ұлттық құқықтық жүйелердегі рөлін анықтап, олардың мемлекеттік-құқықтық институттар арасындағы нақты орнын бекітуге алып келеді. Авторлардың қорытындылары зерттелетін мəселелер саласындағы отандық жəне шетелдік заңнамаларды салыстыру арқылы прокуратура туралы дайындалып жат- қан жаңа заңнама жобасын жетілдіре түсудің бағыттарын қалыптастырады.

Description

Citation

Абеуов Е.Т. ТМД елдеріндегі мемлекеттік билік жүйесіндегі прокуратура органдарының орны мен рөлі /Е.Т. Абеуов, С.С. Серикбаева, А.О.Шакенов// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Құқық» сериясы.-2022.- № 4(108). – б. 6-14.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By