Павлодар (Кереку) өңірі жер-су атауларының ономастикасы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы
Abstract
Бұл мақала Павлодар қаласы мен облысының топонимикалық жер-су ономастикасын,
оның сөзжасамдық және тарихи-мәдени астарларын зерттеуге арналған. Павлодар өңірінің жер-су
атаулары ономастика ғылымының лексика саласындағы сөзжасамның өнімді қызметін анық көрсету
үшін пайдаланылған. Зерттеуде топонимдерді талдаудың негізгі әдістері ретінде лексика-
семантикалық классификация, синтетикалық және аналитикалық тәсілдері қолданылған.
Топонимдерді семантикалық тұрғыдан екі үлкен типте қарастыруға болады: жаратылысқа қатысты
және адамдардың іс-әрекетіне, тұрмысына қатысты атаулар. Мысалы, Қыраш сияқты оронимдер қыр
сөзіне кішірейткіш жұрнақ қосылу арқылы "шағын, аласа ғана қыр" деген мағына тудырады.
Зерттеулерде Павлодар топонимдерінің қалыптасуының геоэкологиялық астарлары Қ.Т. Сапаровтың
еңбектері негізінде талданды.
Мақалада Павлодардың тарихи атауы - Кереку екені, бұл атаудың түп-төркінін Қимақ дәуірінен
іздеуге болатыны айтылған. Алайда, қалаға 1861 жылы нәресте князь Павелдің құрметіне Павлодар
атауы берілуі отаршылдық саясаттың белгісі болды. Қазіргі Павлодар облысы аумағында Ленин,
Совет, Октябрьское, Красноармейка сияқты идеологиялық тұрғыдан ескірген және діни көзқарастарға
байланысты атаулар көптеп кездеседі. Бұл атауларды тарихи жер-су атауларымен немесе ұлттық
танымға жақын Атамекен, Азаттық сияқты дәстүрлі атаулармен ауыстыру ұлттық сананы жаңғырту
және патриотизмді нығайту үшін аса маңызды міндет болып табылады.
Description
Keywords
Citation
Несіпбек Ю.С. Павлодар (Кереку) өңірі жер-су атауларының ономастикасы/Ю.С. Нәсіпбек//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 219-223 б.