Сана мәселесі: когнитивтік натурализм және мистериандық

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті

Abstract

Мақалада сананың философиялық мәселесі зерттеліп, «Неліктен сана бар?» деген сұрақ талқыланған. Сананың қиын мәселесі төңірегіндегі қазіргі пікірталастар аясында когнитивтік натурализм мен «жаңа» мистериандықтардың (New Mysterianism) қарама-қайшы ұстанымдары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты — әр көзқарастың мықты және әлсіз жақтарын айқындау және оларды біріктірудің мүмкін жолдарын белгілеу. Осы мақсатқа жету үшін бірнеше әдістер қолданылды: аналитикалық (негізгі ұғымдар мен аргументтерді талдау), феноменологиялық (субъективті тәжірибені нақтылық ретінде есепке алу), тарихи-философиялық (дуализмінен қазіргі теорияларға дейінгі көзқарастардың дамуын қарастыру), салыстырмалы (натуралистер мен мистерианықтардың ұстанымдарын салыстыру), сыни (аргументтердің негізділігін бағалау) және рефлексиялық (таным шекаралары туралы пікірлер). Зерттеу нәтижелері когнитивтік натурализмнің эволюциялық биология мен нейроғылым деректеріне сүйене отырып, сананың пайда болуын ғылыми түрде түсіндіретінін көрсетеді, ал мистериандық сананың феномені адам интеллектісі үшін түбегейлі танылмайды деп есептейді. Дуализм, панпсихизм, ақпараттық теориялар, элиминационизм және феноменология секілді балама көзқарастар және объективті шындық пен субъективті тәжірибе арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған заманауи зерттеулер талқыланады. Сананың табиғаты туралы соңғы шешім әлі табылмағанымен, осы екі жақты бағыт арасындағы диалог мәселенің тереңірек түсінілуіне ықпал етеді. Сананың күрделілігін мойындау эмпирикалық оптимизм мен эпистемологиялық қарапайымдылықты қажет етеді.

Description

Citation

Кусбеков Д.К. Сана мәселесі: когнитивтік натурализм және мистериандық./ Д.К. Кусбеков.// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.— 2025. — 30-т., 3(119)-шығ. — 202-212 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By