Жапон тіліндегі «көз» соматизмімен қолданылатын фразеологизмдерді қазақ тіліне балама тәсілі арқылы аудару ерекшеліктері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада жапон тіліндегі «көз» соматизмімен қолданылатын фразеологиялық бірліктерді қазақ тіліне балама тәсілі арқылы аудару мәселелері қамтылған. Ол үшін алдымен лексикографиялық әдебиеттер негізінде «көз» лексемасы құрамына енген кең қолданыстағы жапон фразеологизмдері теріп жинақталды. Зерттеудің келесі сатысында жинақталған жапон тілінің тұрақты тіркестеріне семантикасы, лексикалық құрамы, грамматикалық құрылымы, стилі және бейнелілігі сияқты көрсеткіштер бойынша сай келетін олардың қазақ тіліндегі толық және жартылай баламалары анықталған. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесінде автор тарапынан «көз» соматизмімен қолданылатын фразеологиялық бірліктерді қазақ тіліне балама тәсілі арқылы аударудың өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ, екі тілдің соматикалық фразеологизмдерінің лингвистикалық және экстралингвистикалық сипаттамаларындағы сәйкестіктер мен айырмашылықтарына қатысты ой-тұжырымдар түйінделіп, ғылыми нәтижелер ұсынылған.

Description

Citation

Тазабекова Г.Б. Жапон тіліндегі «көз» соматизмімен қолданылатын фразеологизмдерді қазақ тіліне балама тәсілі арқылы аудару ерекшеліктері/Г.Б.Тазабекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2022. №1. 46-53 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By