Тұтынушылар сұранысы экологиялық турөнімді қалыптастыру негізі ретінде

Abstract

Сарапшылардың басым бөлігінің пікірлері бойынша, республиканың табиғи əлеуеті мен туристік инфрақұрылымының даму деңгейі қазіргі таңда Қазақстан Республикасының дамуы үшін туризмнің болашағы бар түрі ретінде экологиялық туризмді анықтады. Жұмыс мақсаты — турөнімді құрастыруға қажетті экотуристердің жалпы тұтынушылық қалауын туристік саласы дамыған Еуропа мен Америка елдерін мысал ретінде алып, анықтау. Жұмыс теориялық-эмпирикалық зерттеу болып табылады. Мақалада «экологиялық туризм» түсінігі нақтыланған, оның ерекшеліктері зерттелген. Авторлар экотуризмнің пайда болу тарихына шолу жасаған. Экологиялық туризмге деген сұраныстың артуы себептеріне түсініктеме берген. Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының өзектілігін негіздеп, маңыздылығын анықтаған. Қазақстандағы экологиялық туризм дамуын ынталандыратын іс- шаралар мысалға келтірілген. Жұмыстың нəтижесі ретінде əртүрлі елдердің экотуристер қалауларына салыстырмалы талдау жасап, туристік қызметтерге деген сұраныстың жалпы сипаттамасын анықтаған. Мақалада тұтынушылардың экологиялық туризмге деген сұранысын талдау бойынша шетелдік тəжірибе қарастырылған. Халықаралық туризм тарихынан алынған экологиялық туризм дамуына кедергі келтіретін мəселелер белгіленген. Авторлар елдегі экотуризмнің дамуын белсендіру бойынша іс-шараларды белгіленген. Зерттеу нəтижелерін қолдану саласы болып туристік индустрия субъектерінің қызметі табылады.

Description

Citation

Тлеубердинова А.Т. Тұтынушылар сұранысы экологиялық турөнімді қалыптастыру негізі ретінде /А.Т. Тлеубердинова, Б.Р. Оспанов, А.Т. Джунисова //Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика=Bulletin of the Karaganda University. Economy series.-2018.-№2.-Р.55-64

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By