Қазақ және ноғай тілдеріндегі заттанған есімшелердің семантизациясы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Ғылыми мақалада түркі тілдерінің классификациясы негізінде батыс қыпшақ бұтағына жататын қазақ және ноғай тілдеріндегі заттанған есімшелердің семантикалық ерекшеліктері, контекстегі қолданысы қарастырылған. Аталған түркі тілдері бойынша есімшелердің заттануы, субстантивация құбылысы және олардың тілдегі көрінісі туралы ғылыми зерттеулер қамтылды. Субстантивтену құбылысындағы ең өнімді саналатын, екі тілде де кездесетін есімше жұрнақтары іріктеліп алынды. Заттанудағы есімшенің атқаратын функциясы мен өзіндік ерекшеліктері талданып, олардың қолданысы сараланды. Зерттеу нәтижелі болуы үшін көркем мәтіннен мысалдар арқылы дәлелденіп, заттанған есімшелердің семантикалық табиғаты сипатталды. Түркі тілдерінің ішінде ноғай тілі құрылымы жағынан қазақ тіліне ұқсас әрі лингвистикасы жеткілікті дәрежеде зерттеле қоймағандықтан, қазақ және ноғай тілінің деректерінің өзара салыстырылуы зерттеудің өзектілігін танытады. Қазіргі тіл білімінде заттанудың кең таралуы оның қолданыс әлеуетінің кеңдігін, тілдік тұлғаның сөздік қорға қатынасын білдіреді. Қарастырылған қос тілде де заттану предикативтік, анықтауыштық және толықтауыштық қатынаста жұмсалатыны айқындалды. Заттану немесе субстантивация — басқа сөз таптарының зат есімдер тобына ауысуы, заттық мәнді иеленуі. Заттану конверсиялық процестің бір түріне жатады. Қазақ тіл білімінде де, ноғай тіл білімінде де барлық сөз табы заттану құбылысына ұшырайды деуге болады. Себебі зат есімдердің тілдегі қызметі, лексикалық аясы өте кең болғандықтан, басқа да сөз таптары функционалды, семантикалық, коммуникативті аспектіде заттық мәнді иеленіп отырады. Тілдегі заттану құбылысының зерттеу аясы кең әрі күрделі мәселе болғандықтан, мақаламыздың тақырыбына есімшелердің заттануын ғана арқау еттік. Зерттеу барысында қазақ және ноғай тілдеріндегі есімше формаларының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын, олардың заттануын, мағыналық ерекшеліктерін сөз еттік. Қазақ және ноғай тілдеріндегі субстантивті есімше мәселесі алғаш рет жеке талдануы әрі ұлт болмысындағы заттанудың психолингвистикалық ерекшеліктері мен лингвомәдени деректерді қамтуы, салыстырмалы бағытта болуы, семантизациялану мәселесін қамтуы зерттеудің құндылығын көрсетеді. Ғылыми мақаланы жоғары оқу орындарындағы «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Салыстырмалы тіл білімі», «Түркі тілдері», «Қазақ тілінің семантикасы», «Қазақ тілінің сөзжасамы» курстарына материал ретінде, сондай-ақ түркі тілдеріне қызығушылық танытатын оқырмандар пайдалануына болады. Түркі тілдері сөзжасамындағы маңызы зор заттану мәселесі және оның семантикалық, коммуникативтік, функционалды аспектілерден зерттелуі әлі де болашақ ғалымдардың зерттеуін қажет етеді.

Description

Citation

Асенова А.Х. Қазақ және ноғай тілдеріндегі заттанған есімшелердің семантизациясы/А.Х. Асенова [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология=Bulletin of the Karaganda University. Philology series. -2025. №2. 128-138 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By