Абай өлеңдеріндегі көркем этнография
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада Абай Құнанбайұлы өлеңдеріндегі этнографиялық суреттеулер талдау нысанына алынған.
Көркем этнография — поэзиядағы ұлттық сипатты танытатын бейнелеу екеніне ақын өлеңдерінен
нақты мысалдар келтіріліп, туындыдағы этнографиялық этюдтер, салт-дәстүр көріністері
қарастырылған. Көшпелілер тұрмысының табиғатпен барынша жақындығы, тұрмыс ықпалымен
табиғат құбылыстарына барынша тәуелділігі олардың өзіндік мәдени танымын қалыптастырды. Осы
тұрғыда пейзаждың географиялық, этнографиялық, мезгілдік және әлеуметтік категория ретіндегі
ерекше мәні айқындалады. Этнографиялық суреттеулер табиғатпен тығыз байланыста, үндестікте
көрсетілуі бұлжымас заңдылық тәрізді. Пейзажға ата дәстүрді, халықтық поэтиканы, ұлттық
бейнелеулерді қамтитын мәдени-танымдық сипат тән. Абай өлеңдерінде көшпелілер тұрмысы жыл
мезгілдерімен қатар суреттеліп, жаз бен күздің, қыс пен көктемнің фонында этнографиялық көріністер
бейнеленеді. Жылдың төрт мезгілінің суреті қазақ ауылы тіршілігін таныта отырып, көркем
этнография кеңістігін ашады. Қазақтың салт-дәстүріне негізделген түрлі рәсімдер Абай поэзиясында
реалистік суреттеулермен көрініп, тың бейнелер моделін түзіп, философиялық тереңдікпен
тұжырымдалады. Мәтіндік талдаулар қорытындысында Абай суреткерлігінің бір қыры көркем
этнографияның үздік үлгілерін қалыптастыруымен дараланатыны тұжырымдалған.
Description
Keywords
Citation
Аймұхамбет Ж.Ә. Абай өлеңдеріндегі көркем этнография/Ж.Ә. Аймұхамбет [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2022. №3. 37-44 б.