Павлодар өңірінің жер-су атаулары: тарихи-мәдени талдау
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы
Abstract
Павлодар өңірі Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан, өзінің тарихи және мәдени
мұрасымен ерекшеленетін аймақтардың бірі болып табылады. Бұл өңірдің жер-су атаулары көптеген
ғасырлар бойы қалыптасып, халықтың өмір салты, мәдениеті, табиғатпен байланысы мен тарихи
165
оқиғаларын көрсететін маңызды дереккөз болып табылады. Аномастика- яғни жер және су
объектілерінің атауларын зерттеу - осы өңірдің тарихимәдени бейнесін тереңірек түсінуге мүмкіндік
береді. Мақалада Павлодар қаласы, Ертіс өзені, Баянауыл таулары сияқты негізгі географиялық
нысандардың атауларының шығу тарихы, мағынасы және олардың халық тарихымен байланысы
қарастырылады. Атаулардың лингвистикалық талдауы қазақ тілінің даму ерекшеліктерін, сонымен
қатар өңірде түрлі халықтардың ықпалын анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, атаулар арқылы
аймақтың тарихи кезеңдері, соның ішінде көшпелі және отырықшы қоғамдар дәуірі, сауда
жолдарының қалыптасуы, мәдени және діни байланыстар зерттеледі. Атаулардың этнографиялық мәні,
халық аңызы мен аңыздарымен байланысы да қарастырылады. Бұл зерттеу Павлодар өңірінің жер-су
атауларын тек географиялық немесе сөздік тұрғыдан емес, сонымен қатар тарихи және мәдени
контексті арқылы қарастыруға бағытталған. Мақала өңірдің атауларының тарихи-мәдени рөлін көрсету
арқылы жергілікті мәдениеттің сақталуына және зерттелуіне үлес қосады. Жер-су атауларының түпкі
мағынасын ашу аймақ тарихын және халықтың табиғатпен қарым-қатынасын тереңірек түсінуге
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зерттеу өңірдің мәдени картасын жасауға, туристік әлеуетін
арттыруға және жергілікті қоғамның тарихи санасын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Description
Citation
Зекіш Н.М. Павлодар өңірінің жер-су атаулары: тарихи-мәдени талдау/Н.М. Зекіш//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 164-169 б.