Кенесары ханның халық əдебиетіндегі жəне тарихи зерттеулердегі бейнесі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақалада əдеби, тарихи жəне фольклорлық дерек көздер — Кенесары Қасымұлының басшылығымен жүргізілген ұлт-азаттық қозғалыстағы оқиғаларды көзімен көргендердің əңгімелері, өлеңдері жəне олардың естеліктері келтірілген. Кенесары хан мен Наурызбай батырға арналған тарихи өлеңдер мен поэмалардың ішінде жетекші орынды белгілі ақын Нысанбайдың «Кенесары туралы əні» алатындығы айтылған. ХІХ ғасырдың 20–40-жж. қазақтар көтерілісінің себептерін анықтау үшін Досхожа ақынның сол көтеріліс кезінде шығарған өлеңі маңызды рөл атқаратындығы көрсетілген. Демократиялық бағыттағы белгілі ақын М.-Ж.Көпеевтің Кенесары туралы жинаған материалдары көңіл толтырарлық екендігі туралы қорытынды жасалған. Халық ақындары — Жамбылдың жəне Доскейдің естеліктері фольклорлық материалдардың маңызды тобын құрайтындығы көрсетілген. Кенесары ханның отаршылдыққа қарсы жаппай көтерілісінің айқын саяси сипаты жəне оның қазақ тарихындағы прогрессивті рөлі туралы пікірі бейнеленген.
Description
Keywords
Citation
Каренов, Р.С. Кенесары ханның халық əдебиетіндегі жəне тарихи зерттеулердегі бейнесі / Р.С. Каренов // Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. – 2015. – № 2. – 88-107 б.