Пектинлиаза ферменттерін түзуші Penicillium cyclopium штамының биосинтезіне әртүрлі көміртек және азот көздерінің әсері
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада P. cyclopium культурасында пектинлиаза ферменттерінің биосинтезіне көміртекті және
азотты қоректену көздерінің әсері зерттелді. Қоректік ортада көміртегі және азот көздері P.cyclopium-
нің конструктивті алмасуына ғана емес, сонымен бірге пектинлиаза ферменттерінің синтезіне де
әсерін тигізеді. P. cyclopium культурасының көміртекті қоректік көздеріне қажеттілігін анықтағанда
полиметилгалактуронатлиаза (ПМГЛ) мен полигалактуронатлиазаның (ПГЛ) культуралдық сұйық-
тықта 5,0-ден 5,7-ге дейін түзілуін қамтамасыз ететін ең қолайлы көміртегі көзі фруктоза екені белгілі
болды. Пектинлиаза ферменттерінің түзілуі үшін ең қолайлы азот көзі аммоний хлориді болып
табылды. Қоректік ортаға азот көзі ретінде тек аммоний хлоридін қосқанда пектинлиаза ферментінің
белсенділігі полиметилгалактуронатлиаза (ПМГЛ) үшін — 2,8 және полигалактуронатлиаза (ПГЛ)
үшін — 3,0 есе көтерілді. Түптік жағдайда P. cyclopium культурасында ПЛ ферменттерінің барынша
көп түзілетін мезгілін және өсірудің ұзақтығын анықтау үшін қолайлы көміртегі көзі — фруктоза мен
азот көзі — аммоний хлоридінде культураның өсуі және ферменттердің түзілу динамикасы зерттелді.
Культуралдық сұйықтықта ПЛ ферменттерінің белсенділігін анықтау мен өскен мицелийдің
биомассасын есептеуді әр 24 сағат сайын жүргізілген. Барлық үдерістің ұзақтығы 168 сағатқа
созылды. Ферменттердің белсенді биосинтезі стационарлық фазада 3,0–3,5 тәулікте жүрді, ал өсірудің
4-ші тәулігінен соң күрт төмендеді. P. cyclopium культурасында пектинлиаза ферменттерінің
биосинтезін зерттеудің нәтижесінде оның табиғаты конститутивті екені анықталды Спецификалық
субстраттар зерттелген ферменттердің түзілуін күшейтпеді.
Description
Citation
Калиева А.К. Пектинлиаза ферменттерін түзуші Penicillium cyclopium штамының биосинтезіне әртүрлі көміртек және азот көздерінің әсері/А.К. Калиева [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География. = Bulletin of the Karaganda University. Biology. Medecine. Geography Series. -2022. №3. 78-83 б.